Мемлекеттік кірістер органдарының талап арызы бойынша банкрот деп танылған борышкердің банкроттықты басқарушысының әкімшілік шығыстарын кім өтейді?

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

    Сұрақ

    Мемлекеттік кірістер органдарының талап арызы бойынша банкрот деп танылған борышкердің банкроттықты басқарушысының әкімшілік шығыстарын кім өтейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №413 бұйрығымен бекітілген уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақы төлеу, сондай-ақ өзге әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес кредитор болып салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредиторлар, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар танылады.

    Төлем кредитор тарапынан банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымы негізінде, заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізгеннен кейін жүзеге асырылады (Қағидалардың 5 және 6-тармақтары).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шоттардағы тыйым мен елден шығуға шектеуді қалай алуға болады?

    Жауап

    «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 47 - бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, атқарушылық құжаттың өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылады.

    Сұрақ

    Алкоголь өнімін өндіруге лицензия алу қанша тұрады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін және алымды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөл...

    Сұрақ

    Декларацияға банк депозиттерін қосу керек пе?

    Жауап

    Иә, қосу керек, бірақ тек Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарындағы барлық банк салымдары үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1000 еселенген сомасынан асатын салымдарды қосуым керек.

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Әкімшілер хабарландыруларды қай сайт арқылы жіберуі тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес әкімші уәкілетті органмен және өзге тұлғалармен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасауға құқылы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіні...

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Мүліктік масса дегеніміз не және оның құрамына не кіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – бұл банкроттық рәсімі барысында өндіріп алуға жататын банкроттың мүлкі, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге тұлғалардың мүлкі. Заңның 96-б...

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқ...

    ҚР Қаржы министрлігі·