Алкоголь өнімін өндіруге лицензия алу қанша тұрады?
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін және алымды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне қарай белгіленеді.
Аталған нормаға сәйкес алкоголь өнімдерін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру кезінде лицензиялық алым ставкалары мынадай болып белгіленеді:
сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімдерін өндіру үшін – 3000 АЕК;
сыра қайнату өнімдерін өндіру үшін – 2000 АЕК.
Лицензиялық алымды төлеу тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін міндетті шарт болып табылады.