Жауап: Аудан көлемінде тұрғын үй кезегіне orken.otbasybank.kz электрондық порталы арқылы соңғы 5 жыл көлемінде өзінің және жолдасының атында жылжымайтын мүлік тіркелмеген жағдайда және де 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы тіркеле алады.
2025 жылдың 24 мамырдан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзерістер мен толықтырулар күшіне еніп, оларға сәйкес тұрғын үйге есеп қою, кезектілікті жүргізу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Отбасы банк» АҚ) көшті.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының» 2- тарау, 1-параграф 10 тармағында «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайды бөлуді Отбасы банкі осы қағидалардың талаптарын ескере отырып жүзеге асырады» деп көрсетілген.