Жауап: «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» санатын тағайындау «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе электронды веб-портал (egov.kz) арқылы қызмет алушы төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініші;
3) білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
4) жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
6) спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.