Жауап: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты» спорттық разрядтарын тағайындау «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе электронды веб-портал (egov.kz) арқылы қызмет алушы төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); 2) бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
3) спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарды субсидиялауды кім ала алады, оны қалай алуға болады, өтінім беру тәртібі және қандай құжаттар қажет?
Жауап: Субсидияны туристер көп баратын аумақтарда немесе автомобиль жолдарының бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық тораптарға иелік ететін немесе оларды басқаратын кәсіпкерлік субъектілері (жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар) ала алады.
Субсидия алу үшін кәсіпкер санитариялық-гигиеналық торап орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органына (ЖАО) өтінім береді. Өтінім жыл сайын күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанға дейін қағаз немесе электрондық түрде тапсырылады.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
- заңды тұлға үшін құрылтай құжаттарының көшірмесі немесе жеке тұлға үшін жеке куәлік және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат;
- санитариялық-гигиеналық торапқа меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжат;
- санитариялық-гигиеналық тораптың және оның орналасқан жерінің фото және бейнематериалдары.
Осы құжаттар ұсынылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган өтінімді қарап, белгіленген тәртіпке сәйкес субсидия беру мәселесін шешеді.
Заңдылық негізі:
Бұл тәртіп «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 11-бабының 20-18) тармақшасына сәйкес қабылданған және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №382 бұйрығымен бекітілген.