Жауап: Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
- Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш;
- Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
- Өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).