Әлеуметтік салық бойынша қандай жаңалықтар қарастырылған?
Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысын жою қарастырылған.
Осыған байланысты әлеуметтік салықтың жеке мөлшерлемесі белгіленді – 6%.
Әлеуметтік салықтың басқа мөлшерлемесі белгіленді (бұрын ЖТС мөлшерлемесін 70 % төмендету қарастырылған):
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – 1,8 %;
- жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары өзі үшін – 0,6 АЕК және қызметкерлер үшін 0,3 АЕК.
Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін, оның ішінде:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
- оңайлатылған декларация негізінде;
- шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтік салықтан босату көзделген.