Жаңа Салық кодексінде ЖТС прогрессивті мөлшерлеме енгізілді.
8 500 АЕК-тен (33,4 млн теңге) асатын қызметкердің жылдық табысы үшін мөлшерлеме 15% құрайды.
230 000 АЕК-ке дейінгі дивидендтер түріндегі кірістер үшін – 5% және осы шектен жоғары-салық салынатын табыстан салық сомасы одан асатын сомадан 230 00 еселенген АЕК + 15% мөлшерінде.
Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлердің табыстары үшін:
АЕК 230 000 еселенген мөлшерге дейінгі дивиденттер түріндегі кірістер үшін – 5% және осы шектен жоғары – салық салынатын табыстан салық сомасы 230 00 еселенген мөлшердегі АЕК + одан асатын сомадан 15%.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың табысы бойынша – 9 %;
Шаруа қожалықтарының өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу немесе қайта өңдеу бойынша кірістері бойынша – 3 % (бұрын ЖТС 70% - ға азайту болған).