2022 жылы әкімшілік өзгерістер мен елді мекендердің атаулары өзгергеннен кейін жер учаскелерінің мекенжай деректері өзгерді. Жер учаскесіне арналған актіні қайта рәсімдеу қажет пе?

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    2022 жылы әкімшілік өзгерістер мен елді мекендердің атаулары өзгергеннен кейін жер учаскелерінің мекенжай деректері өзгерді. Жер учаскесіне арналған актіні қайта рәсімдеу қажет пе?

    Жауап

    Елді мекендердің, аудандардың атаулары немесе әкімшілік аумақтардың шекаралары өзгерген жағдайда бұрын берілген актілер өз күшін сақтайды және меншік иелері оларды ешқандай шектеусіз пайдалана алады.

    Жер учаскесіне арналған актіні қайта рәсімдеу, әдетте, мынадай жағдайларда талап етіледі:

    • жер учаскесін сату, сыйға тарту, айырбастау немесе кепілге қою кезінде;
    • жер учаскесіне құқықтарды қайта рәсімдеу кезінде;
    • жер учаскесінің шекараларын сәйкестендіру және ретке келтіру кезінде.

    Аталған жағдайлар туындағанға дейін бұрын берілген құжаттар заңды күшін сақтайды.

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 11-1-тармағына сәйкес, елді мекендердің әкімшілік-аумақтық құрылысы, атауы немесе шекарасы өзгерген жағдайда жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

    Іс-қимыл тәртібі

    Жер учаскесіне арналған актіні қайта рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на өтініш беру қажет.

    Жер учаскесіне арналған актіні алғаннан кейін оны құқықтық кадастрда тіркеу қажет.

    Мысал

    Самар ауданының Самар ауылының (бұрынғы — Көкпекті ауданы) тұрғыны тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесін рәсімдеу үшін нотариусқа жүгінді. Нотариус әкімшілік-аумақтық өзгерістерден кейін туындаған мекенжай деректерінің сәйкессіздігіне байланысты мәмілені рәсімдеуден бас тартты. Жер учаскесінің құжаттары өзекті деректерге сәйкестендірілгеннен кейін мәмілені рәсімдеу мүмкін болды.

    Терминдерге түсіндірме жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен менің өтінішім басқа мемлекеттік органға жіберілді?

    Жауап

    Өтініште көрсетілген мәселелер ол берілген мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін болса, өтініш басқа мемлекеттік органға жіберіледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ҚР ӘРПК) сәйкес мемлекеттік орган өзінің құзыретіне жататын мәселелерді ғана...

    Сұрақ

    Менің өтінішімді қарау мерзімі неге ұзартылды?

    Жауап

    Өтінішті қарау мерзімі заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін өтініштің мән-жайын зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда ұзартылады. ҚР ӘРПК сәйкес өтінішті қарау мерзімі келесі жағдайларда қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін: қосымша құжаттарды немесе ақпаратты...

    Сұрақ

    Өтінішімнің жауабына әкім неге қол қоймады?

    Жауап

    Егер мәселені қарау оның құзыретіне жататын болса немесе мемлекеттік органның ішкі актілерінде тиісті өкілеттіктер берілсе, өтінішке мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы қол қоюы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтiнiштердi мемлекеттiк орган өз құзы...

    Сұрақ

    Су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Су тасқыны жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру әртүрлі ақпарат жеткізу арналары арқылы жүйелі негізде жүзеге асырылады. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио, баспа басылымдары) сөз сөйлеулер ұйымдастыры...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай (ТЖ) режимін енгізу туралы хабарлау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Төтенше жағдай режимін енгізу туралы хабарлау «Барлығыңыздың назарыңызға!» бірыңғай сигналы — сиреналардың үзік дыбысы арқылы жүзеге асырылады. Сигнал берілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар), сондай-ақ сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы дауыстық ақпарат...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай нәтижесінде тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес төтенше жағдай туындағаннан кейін тұрғын үйсіз қалған а...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тартуға не негіз болып табылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкесмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту...

    Сұрақ

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде шұғыл қызметтердің бірыңғай нөмірі — 112-ге дереу қоңырау шалып, диспетчерге нақты мекенжайын, қауіптің сипатын, судың көтерілу деңгейін, балалардың, қарттардың, мүгедектігі бар адамдард...