Нысанды пайдалануға беру үшін қандай құжаттар қажет?

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Нысанды пайдалануға беру үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Нысанды пайдалануға беру құрылыс аяқталғаннан кейін және орындалған жұмыстардың жобалық құжаттамаға сәйкестігі расталған соң жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 75-бабына сәйкес нысанды пайдалануға берудің міндетті шарты – құрылыс сапасы мен белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы.

    Қажетті құжаттардың тізбесі

    Нысанды пайдалануға беру үшін мынадай құжаттар қажет:

    • -орындалған жұмыстардың жобалық шешімдерге сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы;
    • -орындалған жұмыстардың сапасы туралы техникалық қадағалау қорытындысы;
    • -мердігер ұйымның сәйкестік туралы декларациясы;
    • -тапсырыс беруші бекіткен нысанды пайдалануға беру актісі.

    Рәсімдеу тәртібі

    Барлық құжаттарды алғаннан кейін тапсырыс беруші:

    • - белгіленген нысан бойынша нысанды пайдалануға беру актісін ресімдейді және бекітеді;
    • - оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркеуді қамтамасыз етеді.

    Маңызды

    Аталған құжаттардың кемінде біреуінің болмауы нысанды пайдалануға беруден бас тартуға негіз болып табылады.

    Мысал
    Құрылыс аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қорытындыларын, сондай-ақ мердігердің декларациясын алды. Осы құжаттардың негізінде нысанды пайдалануға беру актісі ресімделіп, тіркелді.

    Терминдерге түсіндірме

    Авторлық қадағалау — жобаны әзірлеуші тарапынан құрылыс жұмыстарының жобалық шешімдерге сәйкестігін бақылау.

    Техникалық қадағалау — құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау.

    Сәйкестік туралы декларация — мердігердің жұмыстардың белгіленген талаптарға сәйкес орындалғанын растайтын құжаты.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен менің өтінішім басқа мемлекеттік органға жіберілді?

    Жауап

    Өтініште көрсетілген мәселелер ол берілген мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін болса, өтініш басқа мемлекеттік органға жіберіледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ҚР ӘРПК) сәйкес мемлекеттік орган өзінің құзыретіне жататын мәселелерді ғана...

    Сұрақ

    Менің өтінішімді қарау мерзімі неге ұзартылды?

    Жауап

    Өтінішті қарау мерзімі заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін өтініштің мән-жайын зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда ұзартылады. ҚР ӘРПК сәйкес өтінішті қарау мерзімі келесі жағдайларда қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін: қосымша құжаттарды немесе ақпаратты...

    Сұрақ

    Өтінішімнің жауабына әкім неге қол қоймады?

    Жауап

    Егер мәселені қарау оның құзыретіне жататын болса немесе мемлекеттік органның ішкі актілерінде тиісті өкілеттіктер берілсе, өтінішке мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы қол қоюы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтiнiштердi мемлекеттiк орган өз құзы...

    Сұрақ

    Су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Су тасқыны жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру әртүрлі ақпарат жеткізу арналары арқылы жүйелі негізде жүзеге асырылады. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио, баспа басылымдары) сөз сөйлеулер ұйымдастыры...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай (ТЖ) режимін енгізу туралы хабарлау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Төтенше жағдай режимін енгізу туралы хабарлау «Барлығыңыздың назарыңызға!» бірыңғай сигналы — сиреналардың үзік дыбысы арқылы жүзеге асырылады. Сигнал берілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар), сондай-ақ сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы дауыстық ақпарат...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай нәтижесінде тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес төтенше жағдай туындағаннан кейін тұрғын үйсіз қалған а...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тартуға не негіз болып табылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкесмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту...

    Сұрақ

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде шұғыл қызметтердің бірыңғай нөмірі — 112-ге дереу қоңырау шалып, диспетчерге нақты мекенжайын, қауіптің сипатын, судың көтерілу деңгейін, балалардың, қарттардың, мүгедектігі бар адамдард...