Мүгедектігі бар адамдарды, соның ішінде өндірістік жарақат салдарынан мүгедек болған тұлғаларды техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары" арқылы реттеледі.
Аталған бұйрыққа сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) еңбекке жарамдылық деңгейін, оңалту шараларының қажеттілігін, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтың әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдардың тізбесін айқындайды.
Осы бұйрық негізінде бекітілетін абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, егер жарақат өндірісте алынған болса, жұмыс беруші зардап шеккен қызметкерді қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы