4-7 қазан аралығында WORLD ENERGY WEEK және XIV Еуразиялық Kazenergy форумы өтеді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    4-7 қазан аралығында WORLD ENERGY WEEK және XIV Еуразиялық Kazenergy форумы өтеді
    ХабарландыруАяқталды

    Іс-шараны KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік энергетикалық кеңеспен (WEC) бірлесіп "ENERGY FOR BETTER LIVES/Энергетика - адамзат игілігі" тақырыбында өткізеді.

    Биыл WORLD ENERGY WEEK алғаш рет Орталық Азияда - Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында өткізілгелі отыр.

    Іс–шараның негізгі мақсаты - тұрақты дамуға және энергияны адамзат игілігі үшін пайдалануға жәрдемдесу. 2021 жылғы дүниежүзілік энергетикалық аптаны Қазақстан Республикасының ұлттық комитеті өткізеді. Бағдарлама жаһандық энергетикалық қоғамдастық үшін ауқымды іс-шаралар мен желілік мүмкіндіктерді, соның ішінде салалық министрліктердің басшылары, трансұлттық корпорациялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, энергетика саласындағы көшбасшылар мен сарапшылардың кең аудиториясы жиналатын жоғары деңгейдегі эксклюзивті отырыстарды ұсынады. Іс-шара ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлерде орнықты энергетикалық жүйелерді құру үшін энергетика мәселелері бойынша пікірсайыстар мен ашық диалогқа ықпал ететін болады.

    ENERGY FOR BETTER LIVES / ЭНЕРГЕТИКА - АДАМЗАТ ИГІЛІГІ

    Тақырып халықаралық қоғамдастықтың энергетикалық қауіпсіздікті, декарбонизацияны және төмен көміртекті дамуды қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетеді. Тақырыпты таңдау сонымен қатар СOVID-19 пандемиясынан туындаған әлемдік дағдарысты еңсеруге және адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған күш-жігермен байланысты.

    XIV ЕУРАЗИЯЛЫҚ KAZENERGY ФОРУМЫ

    14 жылдық тарихында KAZENERGY Еуразиялық форумы аймақтағы энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасына айналды. Форум энергетикалық нарықтарға қатысушылар арасында тиімді диалогты қамтамасыз етуге, энергетикалық жүйені дамытудың өзекті үрдістері мен бағыттарын қарауға арналған.

    Форумда Қазақстанның отын-энергетика секторының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын неғұрлым жан-жақты талдау-V ұлттық энергетикалық баяндама ұсынылады.

    Іс-шараға қатысу үшін http://kazenergyforum.com сайтына кіріп, тіркелуге болады.

    Дүниежүзілік энергетикалық кеңес (World Energy Council) - 1923 жылы құрылған ірі энергетикалық халықаралық үкіметтік емес ұйым. ДЭК құрамына мемлекеттік билік органдарын, өнеркәсіптік және сарапшылық ұйымдарды қоса алғанда, 300-ден астам ұйымның атынан өкілдік ететін 90-нан астам ұлттық комитет кіреді. Жыл сайын кеңес әлемдік энергетика көшбасшыларының жаһандық іс–шарасы - WORLD ENERGY WEEK өткізеді.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтың Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 30 маусымда сағат 11:00-де Қызылорда, Әйтеке би, 25 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтың Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Азаматтарды белсенді қатысуға және Энергетика вице-министріне жеке сұрақтар қоюға шақырамыз.

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Астанада 12 маусымда VII Көмір өнеркәсібі форумы өтеді

    2026 жылғы 12 маусымда Астана қаласында Astana Mining & Metallurgy халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында VII Көмір өнеркәсібі форумы өтеді. Форумды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы ұйымдасты...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    КөрмеАяқталды

    Астанада Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді – Қазақстанның мұнай-химиясы мен жанар-жағармай материалдары нарығын дамыту алаңы

    2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығы базасында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл – автомобиль компоненттері, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен автохи...

    10 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 5 маусымда сағат 11:00-де Өскемендегі жоғары политехникалық колледжінде (Серікпаев, 5) Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Азаматтарды белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жеке сұ...

    5 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Энергетика вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 8 мамырда сағат 11:00-де (Талдықорған қаласы, «Достық үйі», Қаратал шағынауданы, 36А) Энергетика вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және Энергетика вице-министріне өз сұрақтарын тікелей қоюға шақырамыз.

    8 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КонференцияАяқталды

    COMTRUX ASTANA 2026 – жаңа халықаралық алаң

    2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында коммерциялық көлік және жол логистикасы шешімдеріне арналған Comtrux Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Көрме көлік, логистика және өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту, сонымен қатар энергетика және мұнай-газ кешенінің қажеттілікте...

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КеңесАяқталды

    Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу кезінде оны таңбалау және қадағалап отыру бойынша реттеушілік әсерді талдау туралы ХАБАРЛАМА

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлігі) сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу кезінде оны таңбалау және қадағалап отыру бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) жобасының ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлай...

    30 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуі

    2026 жылғы 28 сәуірде сағат 11:00-де (Ақтөбе, Сәңкібай батыр даңғылы, 20а) Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және Энергетика вице-министріне өз сұрақтарын тікелей қоюға шақырамыз.

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей