Астанада 12 маусымда VII Көмір өнеркәсібі форумы өтеді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ФорумАяқталды

    2026 жылғы 12 маусымда Астана қаласында Astana Mining & Metallurgy халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында VII Көмір өнеркәсібі форумы өтеді.

    Форумды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы ұйымдастырады. Іс-шараның тең ұйымдастырушылары – «Қазкөміркәсіподақ» көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» тау-кен металлургия саласының кәсіптік одағы.

    Көмір өнеркәсібі форумы дәстүрлі түрде көмір саласын дамыту, оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ бизнес, мемлекеттік органдар, кәсіби бірлестіктер мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен бірлескен ұсыныстар әзірлеу мәселелерін талқылайтын маңызды салалық алаңдардың бірі болып табылады.

    Көмір өнеркәсібі Қазақстан экономикасында жүйе құраушы маңызын сақтап отыр. Салада 32 мыңнан астам адам еңбек етеді, ол елдің тұрақты энергиямен қамтылуында шешуші рөл атқарады және республиканың өнеркәсіптік әлеуетінің негізгі тіректерінің бірі болып саналады. Қазақстан көмір өндіру көлемі мен геологиялық қоры бойынша әлемдегі жетекші он елдің қатарына кіреді.

    Биыл форум «Қазақстанның көмір өнеркәсібі: энергетикалық қауіпсіздіктің стратегиялық негізі» тақырыбында өтеді.

    Форум қатысушылары энергетиканың отын тұрақтылығын қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы мен көмір жеткізу логистикасын дамыту, көмір нарығын реттеуді жетілдіру, экспорт бағыттарын кеңейту, инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ көмірді терең өңдеу мен көмір химиясын дамыту перспективаларын талқылайды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасы бойынша қабылданған Қазақстандағы көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

    Форум жұмысына саланың жетекші кәсіпорындарының өкілдері қатысады. Олардың қатарында «Богатырь Көмір» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, QARMET АҚ, «Шұбаркөл Премиум» АҚ, «Қаражыра» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «Майкүбі-Вест» АҚ, «Kazakhmys Coal» ЖШС және басқа да компаниялар бар.

    Форум аясында өндіріс озаттарын салалық наградалармен марапаттау рәсімі де өтеді.

    Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы көмір өндіруші кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, салалық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін VII Көмір өнеркәсібі форумына қатысуға шақырады.

    📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 12 маусым
    🕘 Басталу уақыты: 10:00
    📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Гейдар Әлиев көшесі, 14-үй, Hilton Astana қонақ үйі, Astana Hall залы

    📌 Форумға қатысу тегін

    Тіркелу және аккредиттеу бойынша байланыс деректері

    Делегаттарды тіркеу:
    Тел.: +7 (7172) 68-96-20
    E-mail: [email protected]

    Тіркелу сілтемесі:
    https://docs.google.com/forms/d/1c94sICdc5Fs0GNtoNchJXGaN9CcCV8w2b1EBDVcOHWg/edit

    БАҚ өкілдерін аккредиттеу:
    Тел.: +7 (701) 027-89-74
    E-mail: [email protected]

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    PetroMaintenance 2026 — мұнай-газ саласындағы техникалық қызмет көрсету форумы

    PetroMaintenance 2026 — мұнай-газ саласындағы техникалық қызмет көрсету форумы 📅 18 қыркүйек 2026 жыл📍 Атырау қаласы, Infinity Event HallҚұрманғазы көшесі, 12🌐 Форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. «PetroCouncil» Қазақстан мұнай-газ кеңесі техникалық қызмет көрсету, жабдықтардың толыққанды жұмысы және сал...

    18 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ЧемпионатАяқталды

    I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионатының өтетінін қуана хабарлаймыз!

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Атырау қаласында, IV Халықаралық PetroMaintenance-2026 форумы аясында I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионаты өтеді. Жаңа чемпионат мұнай-газ саласының үздік мамандарын бір алаңға жинайды. Қатысушылар өз кәсіби шеберлігін, жұмысты дәл орындау қабілетін және жоғары өндірістік мәдениетін көрсетеді...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястың Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі

    28 августа 2026 года в 11.00 часов (Конаев 5/1, здание Alatau HUB) состоится встреча вице-министра энергетики Бакытжана Ильяса с населением Алматинской области. Приглашаем граждан принять активное участие и лично задать вопросы вице-министру энергетики.

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей
    КөрмеАяқталды

    ТМД, Орталық Азия және Қытайдан шамамен 100 компания Астанада өтетін GAZTHERM EXPO 2026 көрмесіне қатысады

    2026 жылғы 25-27 тамыз аралығында Астана қаласында GasTherm Expo 2026халықаралық көрмесі өтеді. Газбен жабдықтау, жылумен қамту, сумен жабдықтау және инженерлік инфрақұрылым салаларына арналған бұл іс-шара өңірдегі жетекші салалық алаңдардың бірі болмақ. Көрмеге ТМД елдері, Орталық Азия мемлекеттері және Қытайдан шамам...

    25 тамыз 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионатының өтетінін қуана хабарлаймыз!

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Атырау қаласында, IV Халықаралық PetroMaintenance-2026 форумы аясында I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионаты өтеді. Жаңа чемпионат мұнай-газ саласының үздік мамандарын бір алаңға жинайды. Қатысушылар өз кәсіби шеберлігін, жұмысты дәл орындау қабілетін және жоғары өндірістік мәдениетін көрсетеді...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтың Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 30 маусымда сағат 11:00-де Қызылорда, Әйтеке би, 25 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтың Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Азаматтарды белсенді қатысуға және Энергетика вице-министріне жеке сұрақтар қоюға шақырамыз.

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КөрмеАяқталды

    Астанада Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді – Қазақстанның мұнай-химиясы мен жанар-жағармай материалдары нарығын дамыту алаңы

    2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығы базасында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл – автомобиль компоненттері, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен автохи...

    10 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 5 маусымда сағат 11:00-де Өскемендегі жоғары политехникалық колледжінде (Серікпаев, 5) Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Азаматтарды белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жеке сұ...

    5 маусым 2026 ж.Тікелей