«Тағдыр тәлкегі» (психологиялық драма)

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ДрамаАяқталды

    «Тағдыр тәлкегі»

    (психологиялық драма)

    Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен Талдықорған қаласының қонақтары! 26-27 қараша күндері сағат 19:00-де Б.Римова атындағы академиялық драма театрында Лидия Егембердиеваның «Тағдыр тәлкегі» шығармасының премьерасы өтеді. Психологиялық драманы режиссер Ұлан Ахметов сахналаған.

    Қойылым адам тағдыры, уақыт, сағыныш пен жылдар өтсе де жүректе сақталатын сезім туралы сыр шертеді. Өмірдің әр кезеңінде қабылданған шешімдер мен өткен күндердің елесі адамды қайтадан толғандырса, тағдырдың жазуын өзгерту мүмкін бе? Бір кездесу, бір сәттік естелік пен өшпеген махаббат кейіпкерлерді өткен өміріне қайта үңілуге жетелейді. Ал адам шынайы бақыттың қадірін дер кезінде түсіне ала ма?

    Спектакльде өткен мен бүгін, жастық шақ пен өмірдің кемел кезеңі астасып, адам жанының күрделі иірімдері сахна тілімен өріледі. Қойылым көрерменді сезімнің қадірі, өмірлік таңдау және бақыттың мәні туралы ойлануға шақырады.

    Қойылымның музыкалық көркемдеушісі – Арнай Азанбаев, қоюшы-суретшісі – Сырым Орманбаев, хореографы – Айжан Құнанбаева.

    Рөлдерде:

    - Өмірсерік – Сағындық Жұмаділ

    - Ақдидар – Мәкен Нұрмағанбетова

    - Жас Өмірсерік – Батыржан Медет

    - Жас Ақдидар – Мадина Сағымбай

    - Айдар – Дарын Нұрсадық

    - Бикен – Ақерке Мұстафаева

    - Ғалым – Дархан Дүйсенов

    - Шарипа – Салтанат Жақанша

    - КГБ – кіші Әлішер Әбдіразақов

    - Официант – Алмас Мұратұлы

    Өтетін орны: Б.Римова атындағы академиялық драма театры

    Күні мен уақыты: 26-27 қараша, сағат 19:00

    Ұқсас материалдар

    КонференцияАяқталды

    Қалқа Жапсарбаев 140, Темірғали Рүстембеков 120, Әбікен Сарыбаев 100, Қанша Раисова 70 жылдықтарына арналған «Айтыстың ақтаңгерлері» атты облыстық мерейтойлық конференциясы

    Қалқа Жапсарбаев 140, Темірғали Рүстембеков 120,Әбікен Сарыбаев 100, Қанша Раисова 70 жылдықтарына арналған«Айтыстың ақтаңгерлері» атты облыстық мерейтойлық конференциясы Өтетін орны:Талдықорған қаласы, Б.Римова атындағы академиялық драма театры Өтетін уақыты:2026 жылғы26қараша, сағат 11.00 Байланыс телефондары: 8 (72...

    КонкурсАяқталды

    «Жетісудың би өрнектері» атты облыстық бишілер байқауы

    «Жетісудың би өрнектері» атты облыстық бишілер байқауы Өтетін жері:Талдықорған қаласы,І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы Өтетін уақыты: 2026 жылғы7 қараша, сағат 09:30 Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-34-07 Электронды пошта: [email protected]

    СпектакльАяқталды

    «Махаббат ол…» концерт-спектакль

    Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен Талдықорған қаласының қонақтары 1-2 қараша күндері Б.Римова атындағы академиялық драма театрында режиссер Бәзіл Сұлтанғазының сахналауымен «Махаббат ол…» концерт-спектаклінің премьерасы өтеді. Қойылым сағат 19:00-де басталады. «Махаббат ол…» – адам өміріндегі ең асыл сезімдердің...

    ФестивальАяқталды

    «Ұрпаққа аманат: дәстүр сабақтастығы» атты фестивалі

    «Ұрпаққа аманат: дәстүр сабақтастығы» атты фестивалі Өтетін орны:Талдықорған қаласы,Үстел теннисі орталығы Өтетін уақыты: 2026 жылғы «27»қазан, сағат 14.00 Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-34-07 Электронды пошта: [email protected]

    Гала концертАяқталды

    «ЖЕР ЖАННАТЫ - ЖЕТІСУ» облыстық телевизиялық байқауының Гала-концерті

    «ЖЕР ЖАННАТЫ - ЖЕТІСУ» облыстық телевизиялық байқауының Гала-концерті Өтетін орны:Б.Римова атындағы академиялық драма театры Өтетін уақыты:2026 жылғы, 20 қазан сағат 19:00 Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-34-07; Электронды пошта: [email protected]

    СпектакльАяқталды

    Бикен Римова атындағы академиялық драма театрының қазан айына арналған репертуары

    Бикен Римова атындағы академиялық драма театрының қазан айына арналған репертуары

    2 қазан 2026 ж. – 20 қазан 2026 ж.Тікелей
    СпектакльАяқталды

    «Жабайы алма» Драма

    Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен Талдықорған қаласының қонақтары 15-16 қазан күндері сағат 19:00-де Б.Римова атындағы академиялықдрама театрында өтетін қазақтың көрнекті жазушысы, прозашы Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына арналған «Жабайы алма» спектаклінің премьерасын тамашалауға шақырамыз! Қойылымның режиссері...

    15 қазан 2026 ж. – 16 қазан 2026 ж.Тікелей