2026 жылғы 13 қарашада облыс әкімдігінің ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік қорғау жүйесінің 37 қызметкерін марапаттау рәсімі өтті.
Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және әлеуметтік саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, сондай-ақ алғыс хаттармен марапатталды.
Марапатталғандардың қатарында Департамент қызметкерлері де бар. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы әрі әдеп жөніндегі уәкілі Гаухар Лесбекқызы Габдуллина «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Ал Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Баян Шайкеновна Мухамадиева Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз!