
2026 жылғы 8 қазанда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ активінің салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, облыстың кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысты.Іс-шара барысындаДепартамент басшысы Манабаева Гүлбақыт Хакимқызы құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Гүлбақыт Хакимқызы кәсіптік одақтардың жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудағы, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы, сондай-ақ мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы тиімді әлеуметтік әріптестікті дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
Кәсіподақ қозғалысының қатысушыларына зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
Іс-шара соңында әлеуметтік әріптестікті дамытуға және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан кәсіподақ қозғалысының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.