Маңғыстау облысында бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Өтіп жатыр
    Формат
    Тікелей
    КездесуӨтіп жатыр

    Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңдылықты нығайту мақсатында бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

    Атап айтқанда, қазіргі уақытта өңірде төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылуда:

    🚶‍♂️ «Қаңғыбас» – 2025 жылғы 21 сәуірден бастап ерекше өкімге дейін жалғасуда. Іс-шараның мақсаты – қаңғыбастықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

    ♻️ «Таза Қазақстан» – 2025 жылғы 17 шілдеден бастап ерекше өкімге дейін өткізілуде. Іс-шара аясында қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

    🦈 «Браконьер» – 2026 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында өткізіледі. Негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау және заңсыз балық аулау фактілерінің жолын кесу.

    💣 «Пиротехника» – 2026 жылғы 10–30 қараша аралығында өткізіледі. Іс-шара заңсыз пиротехникалық бұйымдардың сатылуы мен пайдаланылуының алдын алуға бағытталған.

    🏍️ «Мотокөлік құралдары» – 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мотомаусымның аяқталуына дейін жалғасады. Іс-шара барысында мотокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтіледі.

    📋 «Есептегі тұлғалар» – әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – профилактикалық есепте тұрған азаматтарға бақылау жүргізу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    🔫 «Өз еркімен қару тапсыру» акциясы – 2026 жылғы 20 сәуірден бастап ерекше өкімге дейін жалғасуда. Акция заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде тапсыруға бағытталған.

    🚚 «Тасымалдаушы» – әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Іс-шара аясында тасымалдау саласындағы заңдылықтың сақталуына бақылау жүргізіледі.

    📉 «Квадрат» – әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері өткізіледі. Іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел жағдайды тұрақтандыруға бағытталған.

    Полиция қызметкерлері аталған іс-шаралар аясында профилактикалық және рейдтік жұмыстарды жалғастырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдауда.

    Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты басымдықтарының бірі.

    Ұқсас материалдар

    Рабочая поездкаӨтіп жатыр

    «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

    «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз пиротехникалық бұйымдардың сатылуы мен пайдаланылуының алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізуде. Рейд барысында сауда орындары тексеріліп, кәсіпкерлер мен тұрғындар...

    10 қараша 2026 ж. – 31 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    «Қауіпсіздік коды: 102-11-150»

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы хабарлайды. Ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысының аумағында «Қауіпсіздік коды: 102-11-150» республикалық акциясы өтеді. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтар мен отбасыларды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, отбасылық-тұ...

    23 қыркүйек 2026 ж. – 25 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Маңғыстау облысының аумағында «ТАСЫМАЛДАУШЫ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 2026 жылғы 28–30 шілде аралығында Маңғыстау облысының аумағында «ТАСЫМАЛДАУШЫ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты: жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактілерінің алдын алу; жолаушылар тасымалы саласында жол қозғалыс...

    28 шілде 2026 ж. – 30 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Маңғыстау облысында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында облыс аумағында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілетінін хабарлайды. Іс-шараның негізгі мақсаты — браконьерлікпен күресу, заңсыз балық аулау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ бекіре тұқым...

    1 сәуір 2026 ж. – 31 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

    25 сәуір күні «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Акция барысында тұрғындарға жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау және өзге де құқ...

    КездесуАяқталды

    Ақтауда «Стоп Сталкинг» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Ақтау қаласы аумағында өтіп жатқан «Стоп Сталкинг» акциясы шеңберінде ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Ақтау қаласы Полиция басқармасының ҚҚБ ОТЗЗҚКб қызметкерлері профилактикалық іс-шара өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық коде...

    КездесуАяқталды

    Қарақия ауданы полиция бөлімінің бастығы халықпен кездесу өткізеді

    Қарақия ауданы полиция бөлімінің бастығы халықпен кездесу өткізеді 2025 жылғы қазан айының 20 күні Қарақия ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Аманжол Ерлан Жаңабергенұлы аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында бөлім басшысы 2025 жылғы қыркүйек айында атқарылған жұмыстар туралы есеп бер...

    КездесуАяқталды

    Түпқарағандағы «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы – қауіпсіздік пен сенімділік үшін

    2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Түпқараған ауданы аумағында ІІМ бекіткен 2025 жыл “Профилактика жылы” аясында “Учаске” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — учаскелік полиция инспекторлары мен халық арасындағы өзара әрекетті нығайту, азаматтардың құқық қорғ...