МКК-нің Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының өкілдерімен жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері бойынша кездесуі

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    МКК-нің Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының өкілдерімен жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері бойынша кездесуі
    КездесуАяқталды

    2026 жылғы 14 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаевтың «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.

    Кездесу бұған дейін өткізілген бейнеконференцияның жалғасы болып, мемлекеттік кірістер саласында жасанды интеллект технологияларын қолдану перспективаларын, сондай-ақ технологиялық ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылауға арналды.

    «Huawei Technologies Kazakhstan» - Қазақстандағы халықаралық Huawei технологиялық компаниясының ресми өкілдігі. Компания ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, телекоммуникациялық инфрақұрылымды және цифрлық шешімдерді дамытуға маманданған.

    Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді техникалық қамтамасыз ету мәселелерін, оның ішінде есептеу қуаттарын, графикалық процессорларды (GPU) пайдалануды және тиісті инфрақұрылымды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті есептеу ресурстарын қамтамасыз ету тәсілдеріне, технологиялық шешімдерді таңдауға және оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін бағалауға ерекше назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ықтимал техникалық шешімдерді одан әрі пысықтау және жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Қазақстан салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі халықаралық форумға қатысуда

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов бастаған қазақстандық делегация «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы Салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 7-ші форумға (BRITACOF) қатысуда. Форум 2026 жылғы 13–15 қазанда Индонезияны...

    13 қазан 2026 ж. – 15 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    МКК және Webb Fontaine кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллектті қолдануды талқылады

    2026 жылғы 8 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаев *Webb Fontaine * халықаралық технологиялық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу бұрын өткізілген бейнеконференцияның жалғасы болды. Webb Fontaine сыртқы сауданы цифр...

    КездесуАяқталды

    Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымы Қаржы комитетінің 112-ші сессиясына қатысты

    2026 жылғы 7-8 қазанда Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымы (бұдан әрі - ДКҰ) Қаржы комитетінің кезектен тыс 112-ші сессиясы өтті. Аталған сессияның жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер ДКҰ-...

    7 қазан 2026 ж. – 8 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    МКК мен Binance Kazakhstan цифрлық активтерге салық салу мәселелерін талқылады

    7 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Binance Kazakhstan криптовалюта биржасының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында цифрлық активтермен жасалатын операцияларға салық салу тәсілдерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Негізгі назар нарық қатысушылары үшін сал...

    КонференцияАяқталды

    Қазақстан Канадада өткен халықаралық конференцияда банкроттық жүйесін цифрландыру тәжірибесін таныстырды

    2026 жылғы 27 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Канаданың Монреаль қаласында Дәрменсіздік мәселелерін реттеуші органдардың халықаралық қауымдастығының жыл сайынғы конференциясы және жалпы жиналысы өтті. Биылғы іс-шара «Өзара іс-қимылдан құқық қолдануға дейін: жасанды интеллект дәуіріндегі реттеушілік шеберлікке қол жеткі...

    27 қыркүйек 2026 ж. – 2 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    МКК мен BCG салықтық және кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллектті қолдану және цифрландыру перспективаларын талқылады

    2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаев Boston Consulting Group (BCG) халықаралық консалтингтік компаниясының делегациясымен кездесу өткізді. BCG - 60 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жетекші халықаралық консалтингтік компа...

    30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен Беларусь транзитті жеделдету және кедендік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

    2026 жылғы 23 қыркүйекте Брест қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Владимир Орловскиймен екіжақты кездесуі өтті. Беларусь Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серікт...

    23 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Брестте ЕАЭО Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 55-отырысы өтті

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Брест қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының (ЕЭО КҚБА) 55-отырысы өтті. Кеден қызметтерінің бірлескен алқасы – ЕЭО кеңістігінде бірыңғай кеден саясатын практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі үйлестіруші орган. Алқа жұмыс...

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей