Қазақстан Канадада өткен халықаралық конференцияда банкроттық жүйесін цифрландыру тәжірибесін таныстырды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан Канадада өткен халықаралық конференцияда банкроттық жүйесін цифрландыру тәжірибесін таныстырды
    КонференцияАяқталды

    2026 жылғы 27 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Канаданың Монреаль қаласында Дәрменсіздік мәселелерін реттеуші органдардың халықаралық қауымдастығының жыл сайынғы конференциясы және жалпы жиналысы өтті. Биылғы іс-шара «Өзара іс-қимылдан құқық қолдануға дейін: жасанды интеллект дәуіріндегі реттеушілік шеберлікке қол жеткізу» тақырыбына арналды.

    Іс-шараға әлемнің 40-қа жуық елінен мемлекеттік органдар мен реттеуші ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференция барысында банкроттық жүйесін дамыту, реттеуді және қадағалауды жетілдіру, дәрменсіздік рәсімдерін цифрландыру, сондай-ақ жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдану мәселелеріне негізгі назар аударылды.

    Қазақстан банкроттық жүйесін дамыту және цифрландыру саласындағы тәжірибесін таныстырды.

    Баяндама барысында Қазақстандағы банкроттықты реттеу жүйесінің құрылымы, сондай-ақ дәрменсіздік рәсімдерін цифрландырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Дәстүрлі бақылаудан цифрлық және тәуекелге бағдарланған тәсілге көшуге ерекше назар аударылды.

    Бұл тәсіл тәуекелдерді талдау үшін деректерді пайдалануды, жекелеген процестерді автоматтандыруды және мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасуды электрондық форматқа көшіруді көздейді. Бұл банкроттық рәсімдерін неғұрлым ашық, жедел және тиімді етуге мүмкіндік береді.

    Қазақстанның конференцияға қатысуы халықаралық кәсіби қоғамдастыққа банкроттық саласын цифрландырудағы отандық тәжірибені таныстыруға және шетелдік әріптестермен реттеу мен қадағалаудың заманауи тәсілдерін, оның ішінде жасанды интеллект пен аналитикалық құралдарды қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

    Іс-шара халықаралық тәжірибе алмасу және дәрменсіздік саласын реттеудің заманауи цифрлық тетіктерін одан әрі дамыту мәселелерін талқылау үшін тиімді алаң болды.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    МКК және Webb Fontaine кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллектті қолдануды талқылады

    2026 жылғы 8 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаев *Webb Fontaine * халықаралық технологиялық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу бұрын өткізілген бейнеконференцияның жалғасы болды. Webb Fontaine сыртқы сауданы цифр...

    КездесуАяқталды

    МКК мен Binance Kazakhstan цифрлық активтерге салық салу мәселелерін талқылады

    7 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Binance Kazakhstan криптовалюта биржасының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында цифрлық активтермен жасалатын операцияларға салық салу тәсілдерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Негізгі назар нарық қатысушылары үшін сал...

    КездесуАяқталды

    МКК мен BCG салықтық және кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллектті қолдану және цифрландыру перспективаларын талқылады

    2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаев Boston Consulting Group (BCG) халықаралық консалтингтік компаниясының делегациясымен кездесу өткізді. BCG - 60 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жетекші халықаралық консалтингтік компа...

    30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен Беларусь транзитті жеделдету және кедендік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

    2026 жылғы 23 қыркүйекте Брест қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Владимир Орловскиймен екіжақты кездесуі өтті. Беларусь Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серікт...

    23 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Брестте ЕАЭО Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 55-отырысы өтті

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Брест қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының (ЕЭО КҚБА) 55-отырысы өтті. Кеден қызметтерінің бірлескен алқасы – ЕЭО кеңістігінде бірыңғай кеден саясатын практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі үйлестіруші орган. Алқа жұмыс...

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Батыс Қазақстан облысында өңірлік форум өтті

    2026 жылғы 10–11 қыркүйек аралығында Орал қаласында «Қазақстандағы және көршілес елдердің шекаралас юрисдикцияларындағы оңалту және банкроттық туралы заңнаманы реформалау» тақырыбында өңірлік форум өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысып, оңалту...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен Дүниежүзілік кеден ұйымы ынтымақтастықты кеңейтуде: цифрлық кеден, жедел транзит және кадрларды дайындау

    Қазақстан Еуразиядағы негізгі транзиттік тораптардың бірі рөлін дәйекті түрде нығайтып келеді. Жүк ағындарының өсуі кеденнен екі нәрсені талап етеді: заңды жүктерді тезірек өткізу және тәуекелдерді дәл анықтау. Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Бас хатшысы Иэн Сондерспен Астанада өткен келіссөзде басты назар осы тақыры...

    8 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай дөңгелек үстел өтті

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Комитет қызметкерлерінің айтыскер ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қа...

    4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей