29 қараша 2026 жыл Мәслихаттар депутатының сайлауы

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Жақында
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарЖақында

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

    Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

    Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

    Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың;

    сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

    сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Мәслихаттар депутаттығына:

    - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

    - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

    Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

    Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

    Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Мәслихаттар депутаттарының сайлауы – 2026

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қоянды ауылы әкімін сайлау

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 56/79 «Целиноград ауданының Қоянды ауылы әкім...

    13 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қараөткел ауылдық округі мен Қаражар ауылы тұрғындарының назарына!

    2026 жылғы 18 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Қараөткел ауылдық округі мен Қаражар ауылы тұрғындарымен кездесуі өтеді. Қараөткел ауылдық округінде тұрғындармен кездесу Қараөткел ауылының IT мектеп-лицейінде сағат 10:00-де өтеді. Қаражар ауылының тұрғындарымен кездесу Қаражар ауылының...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлауы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, 3 және 4 тармақтарына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 6 мамырдағы № 37/69 «Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық...

    14 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Нұресіл, Оразақ мен Ақмол ауылдық округтері тұрғындарының назарына!

    2026 жылғы 09 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Нұресіл, Оразақ мен Ақмол ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуі өтеді. Нұресіл ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Нұресіл ауылыныңауылдық мәдениет үйінде сағат 10:00-де өтеді. Оразақ ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Ораз...

    КездесуАяқталды

    Шалқар, Жарлыкөл ауылдық округтері мен Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарының назарына!

    2025 жылғы 08 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Шалқар, Жарлыкөл ауылдық округтері мен Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Шалқар ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Шалқар ауылының ауылдық клубта сағат 10:00-де өтеді. Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарымен кезде...

    КездесуАяқталды

    Арайлы, Тасты, Жаңаесіл және Родина ауылдық округтері тұрғындарының назарына!

    2026 жылғы 04 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Арайлы, Тасты, Жаңаесіл және Родина ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуі өтеді. Арайлы ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебінде сағат 10:00-де өтеді. Тасты ауылдық округінде тұрғындарме...

    КездесуАяқталды

    Ыбырай Алтынсарин, Қажымұқан мен Талапкер ауылдарының тұрғындарының назарына!

    2026 жылғы 03 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Ыбырай Алтынсарин, Қажымұқан мен Талапкерауылдарының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Ыбырай Алтынсарин ауылының тұрғындарымен кездесу Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы білім беретін мектебінде сағат 10:00-де өтеді. Қажымұқан ауылының тұрғынд...