
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 56/79 «Целиноград ауданының Қоянды ауылы әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қоянды ауылы әкімін сайлауын өткізу туралы» қаулысына сәйкес 2026 жылғы 13 қыркүйекке Қоянды ауылы әкімін сайлау тағайындалды.
Сонымен қатар, Қоянды ауылы әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы