
2026 жылғы 22 қазанда Шымкентте IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) өтеді. Форумға әлемнің 40 елінен 500-ден астам инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысады.
Форумның басты тақырыбы – «Тұрақтылықтан өсімге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі».
Күн тәртібінде – сапалы инвестициялар мен технологиялар тарту, стратегиялық серіктестікті нығайту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері.
Панельдік сессияларда цифрлық экономика мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін жаңа өндірістер мен логистикалық хабтар құруға пайдалану мүмкіндіктері талқыланады.
https://kgir.kz/kz/press-releases/ix-kazakhstan-global-investment-roundtable-kgir-2026/