«Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме- жәрмеңкесі өтеді

    Орны
    Астана
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме- жәрмеңкесі өтеді
    ФорумАяқталды

    Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book
    Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық
    Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды
    елорда әкімдігінің ресми сайты.
    «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан
    Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы
    әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр.
    «Astana Eurasian Book Fair-2026» көрмесіне 80-ге жуық кітап шығару,
    танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады. Соның
    тең жартысы қазақстандық ұйымдар болса, Қазақстан, Ресей, Түркия,
    Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран,
    Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен 40 компания
    қатысқалы отыр.
    «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени-
    іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың
    тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында
    арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі.
    Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен
    жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың
    алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол»
    поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім.
    Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының,
    Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек
    Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке»,
    испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің
    «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел»,
    Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ
    Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және

    «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының
    таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр.
    23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының
    Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық
    кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау
    рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді.
    Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Оған
    мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік
    елшілер қатысады.

    Ұқсас материалдар

    ФестивальАяқталды

    ULTTYQ ÓNIM 2026 отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы көрмесіне қатысуға шақырамыз

    "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Халықаралық әріптестерді, қаржы институттары мен бизнес қауымдастықты 2026 жылғы 22-24 мамырда Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында өтетін ULTTYQ ÓNIM 2026 отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы көрмесіне қатысуға шақырады. ULTTYQ ÓNIM-600-ге жуық қазақстандық өн...

    ФестивальАяқталды

    «Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі

    Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жыл Өтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы, «Жоңғар-Алатау» МҰТП 2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара. Іс-шара «Жоңғар-Ал...

    2 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Село Тополевка, Сарканский район, ГНПП «Жонгар-Алатау»Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі
    Өңірлік фестивальАяқталды

    Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

    29 сәуірде сағат 9.00-дан бастап Қостанай қаласында жылдың ең ауқымды іс-шарасы басталады. «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі қостанайлық тұрғындар мен елдің барлық өңірлерінен келген қонақтарды біріктіреді. Бұл фестиваль Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды инте...

    ФорумАяқталды

    Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

    2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады. Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және...

    СаммитАяқталды

    Өңірлік экологиялық саммит (RES) 2026

    Астанада 22-24 сәуірде 2026 жылғы өңірлік экологиялық саммит (RES) өтеді. Іс-шараға Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратына сәйкес өңірдің түкпір-түкпірінен мемлекеттік органдардан, халықаралық ұйымдардан, даму институттарынан, бизнес пен азаматтық қоғамнан 1500-ге жуық сарапшы қатысады. Ф...