Еңбек министрлігі жұмысынан айырылған азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін түсіндірді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Еңбек министрлігі жұмысынан айырылған азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін түсіндірді
    БрифингАяқталды

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айырылған азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін және оны қалай алуға болатынын түсіндірді. Азаматтар жаңа жұмыс табуға, кәсіп үйренуге, біліктілігін арттыруға және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік алады. Ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және тиісті құқығы бар азаматтарға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады.

    Көмек алудың алғашқы қадамы жұмыс іздеуші ретінде тіркелу. Ол үшін тұрғылықты жердегі Мансап орталығына баруға, eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы өтініш беруге болады. Тіркелу кезінде азамат білімі, кәсіби дағдылары, еңбек өтілі және қандай жұмысқа орналасқысы келетіні туралы мәліметтерді көрсетеді.

    Мансап орталығының мамандары азаматқа лайықты бос жұмыс орындарын табуға көмектесіп, қолжетімді қолдау шаралары туралы кеңес береді. Егер жұмыс табылмаса, белгіленген талаптарға сай азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға қатысу мүмкіндігі қарастырылады.

    Азаматтың кәсіби білімі мен өмірлік жағдайына қарай оған жаңа мамандықты меңгеру, біліктілігін арттыру, «Жастар практикасына» қатысу және субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар кәсіп бастауға және жұмысқа орналасу мақсатында ерікті түрде қоныс аударуға көмектесетін бағдарламалар бар. Оларға қатысу тиісті бағдарламалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жұмысынан айырылған азаматтарға көрсетілетін қолдаудың тағы бір түрі – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Оны алуға құқығы бар азаматтарға жұмыс іздеу кезеңінде жоғалтқан табысының бір бөлігін өтеу үшін беріледі.

    2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл төлемді алу мерзімінің ең ұзақ кезеңі алты айдан үш айға дейін қысқарады. Төлемнің қанша уақыт берілетіні азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Сонымен қатар төлемнің ең жоғары мөлшері белгіленеді. Ол ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 45%-ынан аспайды. Әр азаматқа төленетін нақты сома әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысы мен сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай есептеледі.

    Жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың мақсаты азаматтардың қайтадан жұмысқа орналасуына және өз табысын табуына көмектесу. Әр адамға ұсынылатын қолдау түрі оның жағдайы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қарай таңдалады. Кеңес алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығына жүгініңіз. Ал бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы қызметтер туралы толық ақпарат Enbek.kz электрондық еңбек биржасында қолжетімді.

    «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмыспен қамту: нәтиже қандай?

    Ауданымызда жұмыспен қамту көрсеткіші жоспардан асып, 106 пайызға жетті. Жыл басынан бері 2379 адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, жаңадан ашылған мекемелерде 414 тұрғын еңбекке араласты. Бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі қандай? Осы және өзге де сауалдарға Хромтау аудандық «Мансап» орталығының д...

    ХабарландыруАяқталды

    Ақтөбе қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

    2026 жылғы 23 қазанда сағат 10:00-де, Некрасов көшесі, 112 мекенжайында Облыстық еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараның басты мақсаты – жұмыс іздеушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, оларды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Кәсіп үйреніп, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды

    Жұмыссыз азаматтарды кәсіпке баулу, кәсіби әлеуетін арттыру және еңбекпен қамту – әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Алға аудандық Мансап орталығы тұрғындардың сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік жасап келеді. Мансап орталығы «Қасиет-АБИ» ЖШС-мен бірлесіп, 17 жұмыссыз азаматшаны қы...

    ОтырысАяқталды

    «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланды

    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланды. Байқауға әлеуметтік сала мекемелері мен ұйымдарынан барлығы 26 өтінім қабылданды. Қатысуш...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Темір ауданында балаларға арналған «Ainala» оңалту орталығы іске қосылмақ

    Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында мүгедектігі бар балаларға арналған «Ainala» оңалту орталығы жұмысын бастауға дайын. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қолдауымен 100 орынға арналған орталық заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылды. Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық бұзылыста...

    ОтырысАяқталды

    2027 жылдан бастап «А» және «В» санатындағы отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді

    📌 2027 жылдан бастап «А» және «В» санатындағы отбасыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің деректерін ескере отырып, халыққа атаулы әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру мәсел...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстан әлеуметтік қолдауды күшейтеді: қандай жәрдемақылар отбасының санатына қарамастан беріледі?

    Мемлекет мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесін енгізу кезінде кейбір азаматтарға берілетін жәрдемақыларға қатысты нақты ерекшеліктерді заңмен бекіткен. Мысалы, отбасының әл-ауқаты қандай санатқа жататынына қарамастан, мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тиісті мемлекеттік жәрд...

    ЖаңалықтарАяқталды

    eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалау калькуляторы іске қосылды

    eGov Mobile мобильді қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа сервис пайда болды. Ол 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір мемлекеттік көмектерді отбасының нақты жағдайы мен мұқтаждығына қарай көрсету тәртібіне көшу аясында іске қосылды. Калькулятор арқылы азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау талаптар...