Қазақстан халықаралық инвесторларға капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі басымдықтарын ұсынды

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан халықаралық инвесторларға капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі басымдықтарын ұсынды
    КездесуАяқталды

    Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Жыл сайынғы кездесулері аясында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Ұлттық Банк басшылығымен бірлесіп, JP Morgan және Citibank алаңдарында бірқатар кездесулер өткізді.

    Өз сөзінде Н. Тұрсынханов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Агенттіктің Ұлттық Банкпен бірлесіп әзірлеген Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

    Бағдарлама бизнес үшін қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге, бағалы қағаздарға орнықты ішкі сұранысты қалыптастыруға, нарық өтімділігін арттыруға және инвесторларды қорғауды күшейтуге бағытталған.

    «Бағдарлама бір мезгілде нарықтың екі жағын да қамтиды: орнықтыішкі институционалдық сұранысты қалыптастыру және сапалыбағалы қағаздар ұсынысын кеңейту. Бұл бағыттар бір-бірін өзара күшейтеді: институционалдық сұраныс эмитенттердің нарыққа шығуына ынталандырады, ал жаңа эмитенттердің тұрақты түрде пайда болуы инвесторлардың қаражатын салу мүмкіндіктерін кеңейтеді», – деп атап өтті Н.Тұрсынханов.

    АгенттікТөрағасының орынбасары Қазақстанда капитал нарығын дамытудың жаңа кезеңі үшін қажетті алғышарттар қалыптасқанын атап өтті. Биржалық, клирингтік және есептік инфрақұрылым жаңғыртылды, қаржы құралдарының желісі кеңейтілуде, ал қаржылық қызметтерді цифрландыру бөлшек инвесторлардың қатысуының өсуіне ықпал етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша айналыстағы борыштық бағалы қағаздардың көлемі 58 трлн теңгеге жетті, акциялар нарығын капиталдандыру – шамамен 42трлн теңге.

    «Біздің міндетіміз – жаңа орналастырулар, жария компаниялар аясын кеңейту және еркін айналыстағы акциялар үлесін ұлғайту есебінен капитал нарығының сапалы өсуін қамтамасыз ету. Бағдарлама қазақстандық бизнесті қаржыландыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасай отырып, институционалдық сұраныс пен сапалы қаржы құралдарын ұсынуды бір мезгілде дамытуды көздейді»,– деп атап өтті Н.Тұрсынханов.

    Негізгі бағыттардың бірі жекеотандық басқарушылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуын кеңейту болады. Ұлттық Банктің зейнетақы портфелінің бір бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздардан бастап конкурстық негізде лицензияланған басқарушыларға кезең-кезеңімен беру көзделеді. Бұл ретте тәуекелдердібасқаруға, ішкі бақылауға және ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын бірыңғайталаптар белгіленетін болады, ал активтерді сақтауды тәуелсіз кастодиан басқарушылардың өз қаражатынан бөлек жүзеге асыратын болады. 2030 жылға қарай жеке отандық компаниялардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің үлесін 20-30%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

    Бизнестің қор нарығына қолжетімділігін кеңейту үшін Бағдарлама Орталық депозитарий базасында «бірыңғай терезе» құруды, құжаттарды қатар қарауды және бағалы қағаздарды шығару рәсімдерін оңайлатуды көздейді. Бұл облигациялық шығарылымдарды дайындау мерзімін 3-6 айдан 1-2 айға дейін қысқартуға және эмитенттердің шығыстарын азайтуға мүмкіндік береді. Облигациялық бағдарламаларды, ішінара кепілдік беру және секьюритилендіру тетіктерін дамыту, сондай-ақ ұлттық рейтингтік агенттік құру қосымша құралдар болады.

    Жеке компанияларды IPO-ға дайындауға ерекше назар аударылады. Бірыңғайцифрлық терезені енгізу, ірі жеке компанияларды биржаға шығаруға дайындаудың ұлттық бағдарламасын іске қосу және шағын және орта бизнесті кәсіби сүйемелдеу үшін листингтік демеушілер институтын дамыту жоспарлануда. Ішкі нарықта орналастыру үшін салықтық ынталандыру еркін айналыстағы акциялардың нақты үлесімен байланысты болады.

    Өтімділікті арттыруға бағалықағаздармен кредиттеуді (securities lending) дамыту, жабылған қысқа сатылымдарды кезең-кезеңімен енгізу және маркет-мейкерлер мен бастапқы дилерлердің қызмет жағдайларын жетілдіру ықпал ететін болады. Сондай-ақ биржадан тыс мәмілелердің ашықтығын арттыру көзделген. Нәтижесінде 2030 жылға қарай борыштық бағалы қағаздар нарығының айналымын 20-25%-ға дейін, акциялар нарығының айналымдылығын 5-10%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

    Нарықтық тетіктерді дамытумен қатар Бағдарлама инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуді көздейді. Негізгі шараларға облигацияларды ұстаушылар өкілінің өкілеттіктерін кеңейту, берешекті қайта құрылымдаудың ұжымдық рәсімдерін жетілдіру және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарларын алдын ала келісу тетіктерін енгізу кіреді. Бұл ретте келіспейтін кредиторларды банкроттық кезіндегіден кем емес өтем алу қағидаты негізінде қорғау қамтамасыз етілетін болады.

    Бағдарламаны іске асыру капиталдың неғұрлым терең және өтімді нарығын қалыптастыруға, экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін кеңейтуге және Қазақстанның отандық және халықаралық инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған.

    Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару

    Ұқсас материалдар

    КеңесАяқталды

    Агенттік банктер үшін азаматтардың жолданымдары мен берешегін реттеу бойынша жеке көрсеткіштерді белгіледі

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың төрағалық етуімен азаматтардың жолданымдарын қарау сапасын арттыру, проблемалық берешекті реттеу және қаржы омбудсманының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес қорытындысы бойынша барлық банктер үшін үш бағыт бойынша жеке с...

    22 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік пен IOSCO Қазақстанның капитал нарығын реформалау мәселесін талқылады

    Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Бангкок қаласында (Таиланд) өткен жыл сайынғы кездесулері аясында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (IOSCO) Бас хатшысы Родриго Буэнавентура...

    17 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесті

    13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бастаған делегациясы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк Тобының Бангкоктағы (Таиланд) Жыл сайынғы кездесулеріне қатысуда. ХВҚбасқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесу өтті....

    15 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесті

    13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бастаған делегациясы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк Тобының Бангкоктағы (Таиланд) Жыл сайынғы кездесулеріне қатысуда. ХВҚбасқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесу өтті....

    15 қазан 2026 ж.Тікелей
    КонференцияАяқталды

    Қазақстан экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудағы капитал нарығының рөлін күшейтуге ниетті

    8 қазанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Иван Мойсов IX Conference Capital Markets Kazakhstan-да сөз сөйледі. Ол соңғы бес жылдағы капитал нарығының даму нәтижелерін және Агенттіктің Ұлттық Банкпен бірлесіп әзірлеген Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға де...

    14 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттікте тұтынушылық кредит беру мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды талқылады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің басшыларымен, бас қаржы омбудсманымен және бейінді қаржы омбудсмандарымен кездесу өткізді. Қатысушылар халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту, проблемалық берешекті реттеу, азаматтар...

    9 қазан 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Астанада студенттер үшін қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша форум өтті

    Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша Fingramota.kz. жобасы шеңберінде «Иллюзиясыз кредит: мүмкіндіктер, тәуекелдер және жауапкершілік» форумы өтті. Іс-шара қаржы нарығының сарапшыларын, салалық ұйымдар...

    1 қазан 2026 ж.Тікелей
    КонференцияАяқталды

    Агенттік банктердің киберорнықтылығына қадағалауды күшейтеді

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов Астанада өткен KazHackStan2026 халықаралық практикалық конференциясы аясында «Цифрлықсенімсіздік: ЖИ алаяқтар мен қорғаушылар үшін ойын ережелерін қалай өзгертеді» панельдік сессиясына қатысты. Іс-шараны Жасанды интеллект және ц...

    29 қыркүйек 2026 ж.Тікелей