Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды
    ХабарландыруАяқталды

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді.

    2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында көрсетілген қызметтердің ішінде сұранысқа ие болғандардың қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар.

    Маманды үйге шақыртып, мемлекеттік қызмет алуға I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты жүріп-тұруы шектелген азаматтар құқылы.

    Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорация сайтындағы «Қызметтер» бөлімі арқылы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру қажет. Бұдан кейін қызметкер азаматтың үйіне барып, қажетті құжаттарды қабылдайды. Дайын болған қызмет нәтижесі көрсетілген мекенжайға тегін жеткізіледі.

    Еске сала кетейік, ХҚКО-ға өзі келетін ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалып, кедергісіз жайлы орта қалыптасқан. Ал кезексіз қызмет алуға құқылы келушілерге арнайы жеңілдік терезелері арқылы жедел қызмет көрсетіледі.

    Сонымен қатар, еліміздегі барлық фронт-офистер ыңғайлы пандустармен, көмек шақыру батырмаларымен, көру қабілеті шектеулі жандарға арналған тактильді тақталармен және арнаулы арбалармен қамтылған.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді

    Сәбидің дүниеге келуі - кез-келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты...

    18 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

    Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

    Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесінмеңгеруде Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды. С...

    3 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Дауылдан қорғану және шатыр қауіпсіздігі

    Қатты дауыл салдарынан ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, зардап келтіруі ықтимал. Сондықтан шатырдың беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету аса маңызды. Ғимараттың шатыры аймақтың климаттық ерекшеліктерін, жел және қар жүктемелерін ескере отырып жасалуы тиіс. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлек...

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Ақжайық ауданы әкімі аппараты және дербес бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды. Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Дауылдан қорғану және шатыр қауіпсіздігі

    Қатты дауыл салдарынан ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, зардап келтіруі ықтимал. Сондықтан шатырдың беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету аса маңызды. Ғимараттың шатыры аймақтың климаттық ерекшеліктерін, жел және қар жүктемелерін ескере отырып жасалуы тиіс. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Дала өртінен сақ болыңыз!Құрғақ шөп пен қатты жел дала өртінің тез таралуына себеп болуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз: Отты қараусыз қалдырмаңыз; Темекі тұқылын және жанғыш заттарды тастамаңыз; Ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз; Балаларды отпен ойнаудан сақта...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей