Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді
    БасқаАяқталды

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.

    Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.

    Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.

    Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.

    Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.


    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Дауылдан қорғану және шатыр қауіпсіздігі

    Қатты дауыл салдарынан ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, зардап келтіруі ықтимал. Сондықтан шатырдың беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету аса маңызды. Ғимараттың шатыры аймақтың климаттық ерекшеліктерін, жел және қар жүктемелерін ескере отырып жасалуы тиіс. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Ақжайық ауданы әкімі аппараты және дербес бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды. Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Дауылдан қорғану және шатыр қауіпсіздігі

    Қатты дауыл салдарынан ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, зардап келтіруі ықтимал. Сондықтан шатырдың беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету аса маңызды. Ғимараттың шатыры аймақтың климаттық ерекшеліктерін, жел және қар жүктемелерін ескере отырып жасалуы тиіс. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Дала өртінен сақ болыңыз!Құрғақ шөп пен қатты жел дала өртінің тез таралуына себеп болуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз: Отты қараусыз қалдырмаңыз; Темекі тұқылын және жанғыш заттарды тастамаңыз; Ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз; Балаларды отпен ойнаудан сақта...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Құрметті Ақжайық ауданының тұрғындары! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын сақтау мақсатында, Сіздерден әуедегі ұшқышсыз аппараттарды (ҰША, дрон) байқаған кезде сақ болуыңызды және келесі ұсынымдарды орындауыңызды сұраймыз: Егер сіз дронды байқасаңыз: Оның жұмысына араласуға немесе ап...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ОБЪЯВЛЕНИЕ

    Құрметті Ақжайық ауданының тұрғындары! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын сақтау мақсатында, Сіздерден әуедегі ұшқышсыз аппараттарды (ҰША, дрон) байқаған кезде сақ болуыңызды және келесі ұсынымдарды орындауыңызды сұраймыз: Егер сіз дронды байқасаңыз: Оның жұмысына араласуға немесе ап...

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАМА

    2026 жылдың 29 мамыр күні сағат 15:00-де Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70 мекенжайда орналасқан аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында «Ақжайық ауданы Чапаев ауылы аумағындағы орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру» жоб...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Есеп беру кездесуіАяқталды

    АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ КЕСТЕСІ

    «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ КЕСТЕСІ № Рет.саны Ауылдық округ атауы Өтетін күні Уақыты Өтетін орны 1. 1. Базаршолан 17.02.2026 10.00 Мәдениет үйі 2. 2. Сарытоғай 15.00 Мәдениет...

    17 ақпан 2026 ж.Тікелей