
23 қыркүйек 2026 жылы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Муслимов Н.Е.-нің төрағалығымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар және уақытша сақтау қоймаларының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.
🔹 Кездесу барысында уақытша сақтау орындары иелерінің кеден заңнамасы талаптарын сақтауы, сондай-ақ жүктерді қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану мәселелері талқыланды.
🔹 Қатысушыларға заңнама талаптары мен жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, навигациялық пломбаларды салу және алу тәртібі, сондай-ақ тасымалдаушылардың ұлттық операторымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
💬 Сонымен қатар, қатысушылар бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, уақытша сақтау қоймалары қызметкерлерінің тауарларға арналған декларациялардың мәртебесін ақпараттық жүйеде жедел қарау мүмкіндігінің болмауы атап өтілді.
📄 Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша аталған мәселелерді шешу және ақпараттық жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдау туралы шешім қабылданды.
🤝 Қарағанды облысы бойынша МКД барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және сындарлы диалог үшін алғыс білдіреді!