📦 Шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер 2026 жылдың екінші жартысында күшіне енеді

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    📦 Шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер 2026 жылдың екінші жартысында күшіне енеді
    Пресс-релизАяқталды


    ЕАЭО елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік интернет-алаңдардан сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер енгізіледі. 🌍

    Еске сала кетейік, бұл пилоттық жоба 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Экспериментке «Қазпошта» АҚ, «DHL International Kazakhstan» ЖШС және жеке тұлғаларға тауар жеткізетін басқа да компаниялар қатысуда.

    Осы уақытқа дейін азаматтардың сәлемдемелерді алуына байланысты қандай да бір қиындықтар тіркелген жоқ. ✅

    Не өзгереді?
    🛍️ Шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарлар «электрондық сауда тауарлары» деген жеке санатқа бөлінеді.

    📄 Олар үшін жаңа кедендік құжат — «электрондық сауда тауарларына арналған декларация» енгізіледі. Бір декларацияда әртүрлі сатып алушылардың 999 тауарын көрсетуге болады.

    Бұл декларацияларды кеден органдарына арнайы электрондық сауда операторлары тапсырады. Сондықтан сатып алушыларға құжаттарды өз бетінше рәсімдеудің қажеті болмайды.

    Егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан аспаса 💶

    ✔️ Кедендік баждар мен салықтар төленбейді;
    ✔️ Сәлемдеме бұрынғыдай жеткізіледі;
    ✔️ Кеден органдарына өздігінен жүгінудің қажеті жоқ;
    ✔️ Барлық қажетті құжаттарды электрондық сауда операторы рәсімдейді.

    📌 Бұл ретте бажсыз әкелу лимиті 200 еуро деңгейінде сақталады.

    Тағы бір маңызды өзгеріс — 31 кг салмақ шектеуі алынып тасталады. ⚖️

    Құны жоғары тауарларға қатысты 💰
    Егер тауардың құны 200 еуродан асса, онда:
    🔹 тауар құнының 5%-ы мөлшерінде кедендік баж;
    🔹 16% мөлшерінде ҚҚС төленеді.

    Есептеу мысалдары:
    📍 Тауар құны 250 еуро болса:
    Кедендік баж — 12,5 еуро (шамамен 7 мың теңге) + ҚҚС.
    📍 Тауар құны 500 еуро болса:
    Кедендік баж — 25 еуро (шамамен 14 мың теңге) + ҚҚС.

    Салыстыру үшін: қазіргі уақытта мұндай тауарларға бажсыз лимиттен асқан сомаға 15% мөлшерінде бірыңғай төлем қолданылады (оған ҚҚС кіреді).

    🎯 Жаңа ережелер интернет-сауданы реттеуге және коммерциялық партияларды жеке пайдалану үшін алынған тауар ретінде рәсімдеу жағдайларының алдын алуға бағытталған.

    Салықтық әкімшілендіру

    Ұқсас материалдар

    КеңесАяқталды

    Қарағанды облысында бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік қоғамдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өтті

    Кездесу Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтіп, 2026 жылдың 8 айындағы бақылау қызметінің нәтижелеріне, заңнамадағы өзекті өзгерістерге, жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға және олардың алдын алу шараларына арналды. Іс-шараға мемлекеттік және бақылау-қадағалау органдарының, Кәсіпкерлер палатасының өк...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    г. Караганда, Палата предпринимателей Карагандинской области "Атамекен"
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қарағанды облысы бойынша МКД-да дөңгелек үстел өткізілді

    23 қыркүйек 2026 жылы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Муслимов Н.Е.-нің төрағалығымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар және уақытша сақтау қоймаларының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. 🔹 Кездесу барысында уақытша сақтау орындары иелерінің кеден заңнамасы та...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    г.Караганда
    ВыступлениеАяқталды

    Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру бойынша қызметкерлер үшін семинар өткізілді

    Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген 2026 жылға арналған іс-шаралар кестесін орындау мақсатында Қарағанды облысы бойынша МКД қызметкерлерге арналған түсіндіру семинары өткі...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті РММ
    СеминарАяқталды

    📢 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде семинар-кеңес өтті

    Іс-шара барысында радикалды ағымдардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. 🎙️ Іс-шараға төмендегі спикерлер қатысты: 🔹 Рымқұлов Сұлтан Аманболдыұлы — Қарағанды облысының дін істері басқармасының «Қарағанды облысының конфесс...

    15 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    ♟️ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ 🏆

    📅 Турнирдің іріктеу кезеңі 2026 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында өтті. 🎙️ Турнирдің ашылу салтанатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж. Сәрсен және Президент...

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Қарағанды облысы бойынша МКД кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күніне қатысты 🤝

    📅 2026 жылғы 10 қыркүйекте Қарағанды облысының Достық үйінде «Даму» қоры ұйымдастырған кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күні өтті. 👥 Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қатысып, кәсіпкерлерге салық салу және салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша консультация...

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Пресс-релизАяқталды

    📢 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!

    2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы №306 бұйрығы күшіне енеді. Аталған бұйрықпен мемлекеттік кірістер органдарына есептілік ұсыну және есеп жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді. 🔹 Негізгі өзгерістер:✅ «ақпараттық жүйе» термині Қазақстан Республикасының Цифр...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Пресс-релизАяқталды

    📢 МКК порталы: мемлекеттік қызметтер мен сервистердің барлығы бір жерде онлайн қолжетімді..

    ҚР ҚМ МКК азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерге және қажетті ақпаратқа онлайн-форматта ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. 🌐 МКК порталында: [http://portal.kgd.gov.kz] пайдаланушылар Мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ электрондық сервистердің кең а...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей