ҮШ ӨҢІРДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛДІ: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА SMS ЖІБЕРІЛІП, МАМАНДАР ҚОҢЫРАУ ШАЛАДЫ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ҮШ ӨҢІРДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛДІ: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА SMS ЖІБЕРІЛІП, МАМАНДАР ҚОҢЫРАУ ШАЛАДЫ
    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап техникалық оңалту құралдарының тізімі кеңейтілді. Бұл жұмыс Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығының жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан пилоттық жобасы аясында жүргізіледі.

    Жоба барысында көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдаланатын тифлотехникалық құралдардың жекелеген түрлерінің жағдайы тексеріліп, техникалық диагностика жасалады.

    Енді тізімге экрандағы ақпаратты қолжетімді етуге және мәтінді дыбыстап оқуға арналған бағдарламалары бар ноутбуктер, мәтінді дыбыстап оқитын арнайы құрылғылар, дыбыстық синтезі бар портативті тифлокомпьютерлер, сондай-ақ ақпаратты Брайль қарпімен енгізу және шығаруға мүмкіндік беретін құрылғылар енгізілді.

    Осы құралдарды пайдаланатын азаматтар оларды тексертіп, техникалық жағдайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығының филиалдарына жүгіне алады.

    Диагностика нәтижесінде құралдың қазіргі жағдайы анықталады. Қажет болған жағдайда оны қалпына келтіру үшін қандай жұмыстар жүргізу керектігі белгіленеді.

    Пилоттық жобаға қатысуға болатын азаматтарға Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығының мамандары SMS хабарлама жібереді және телефон арқылы хабарласады. Бұл хабарламалар мен қоңыраулар пилоттық жоба аясында жасалады және алаяқтық әрекеттерге қатысы жоқ.

    Егер сізге SMS келсе немесе мамандар қоңырау шалса, жобаға қатысуға қатысты нақты ақпарат алу үшін видеода көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы мамандарға өзіңіз хабарласа аласыз.

    Техникалық оңалту құралдарының тізімін кеңейту көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдаланатын құралдардың көбірек түрін қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба аясында оларға техникалық қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге жол ашады.

    Жобаның негізгі мақсаты оңалту құралдарына уақтылы техникалық қызмет көрсетіп, олардың жұмысқа жарамды күйін сақтау. Бұл көру қабілеті бұзылған азаматтардың күнделікті өмірде аталған құралдарды тиімді пайдалануына мүмкіндік беруге бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    ЖәрмеңкеАяқталды

    Ақтөбеде 20-дан астам жұмыс беруші 180-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды

    Ақтөбе қаласында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Облыстық еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат беру, сондай-ақ оларды өңірдегі жұмыс берушілермен...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қысқа мерзімді оқыту – сұранысқа ие мамандықты меңгеруге мүмкіндік

    Ақтөбе облысында соңғы үш жылда қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 1760 адам қамтылды. Оның ішінде 1217 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білікті кадрлар даярлау. Осы мақсатта жұмыссыз...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбеде «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды

    Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні қарсаңында облыс әкімдігінде «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандар қатарында еңбек әулеттерінің өкілдері, жас мамандар, жұмысшы жастардың тәлімгерлері, сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік жауап...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі

    1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады. Осы уақыт ішінде Мансап орталығының мамандары адамның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарап, соған сай бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады. Егер адамға лайық...

    ОтырысАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Тауановтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметт...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Әлеуметтік төлемдерді қауіпсіз алу: азаматтар нені білуі керек?

    Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Оның мақсаты жұмыс істейтін азаматтарға заңда көрсетілген әлеуметтік жағдайлар туындаған кезде қаржылай қолдау көрсету. Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлейді. Ал әлеуметтік тәуекел туында...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбе облысында қарт азаматтарға белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретін 22 орталық жұмыс істейді

    Егде жастағы азаматтардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасау, олардың әлеуметтік, психологиялық және физикалық әл-ауқатын қолдау мақсатында Ақтөбе облысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтар зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, қоғаммен байланысын сақтауға, денсаулығын н...