Әлеуметтік төлемдерді қауіпсіз алу: азаматтар нені білуі керек?

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Әлеуметтік төлемдерді қауіпсіз алу: азаматтар нені білуі керек?
    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Оның мақсаты жұмыс істейтін азаматтарға заңда көрсетілген әлеуметтік жағдайлар туындаған кезде қаржылай қолдау көрсету. Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлейді. Ал әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда, жүйеге қатысушы азамат заңда белгіленген талаптарға сай болса, әлеуметтік төлем алуға құқылы.

    Әлеуметтік төлемдер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес тағайындалады. Оны алу үшін делдал іздеп, біреуге ақша төлеудің қажеті жоқ.

    2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында әлеуметтік төлемді 1 млн 64 мың адам алған. Оларға жалпы 527 млрд теңгеге жуық қаражат төленді.

    Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің алты түрі бойынша төлем қарастырады. Олар – еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмыстан айырылу, жүктілік пен босануға байланысты табыстан айырылу, жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алуға байланысты табыстан айырылу, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табыстан айырылу. Әр төлемнің өз талаптары бар.

    Әлеуметтік желілерде азаматтарға әлеуметтік төлемді рәсімдеп беру, оны ұзарту немесе жұмысынан айырылғаны үшін төлем алып беру туралы ұсыныстар кездесуі мүмкін. Мұндай ақпаратқа бірден сенбей, алдымен оның дұрыстығын тексерген жөн. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдерге қатысты ақпаратты ресми мемлекеттік ресурстардан алуға кеңес береді.

    Әлеуметтік төлем тағайындалған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұсынылған мәліметтерді заң талаптарына сәйкес тексереді. Сондықтан төлем рәсімдеу кезінде шынайы ақпарат пен дұрыс құжат ұсыну маңызды. Бұл төлемнің заң талаптарына сай тағайындалуын қамтамасыз етіп, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаражатын қорғауға мүмкіндік береді.

    Сондықтан төлем рәсімдеу кезінде шынайы ақпарат пен дұрыс құжат ұсыну маңызды. Мысалы, жалған жұмысқа орналастыруды рәсімдеу немесе төлем алу үшін шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет беруге келіспеген жөн. Егер әлеуметтік төлем заңсыз алынғаны анықталса, қаражат заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуы мүмкін. Ал әдейі жалған мәлімет беру заң бойынша жауапкершілікке әкелуі ықтимал.

    2025 жылы еліміздің 12 өңірінде әлеуметтік төлемдерді заңсыз алуға қатысты 30-дан астам қылмыстық іс қозғалған. Бес өңірде сот 7 үкім шығарған. Тергеу барысында азаматтарды әлеуметтік желілердегі хабарландырулар мен ұсыныстар арқылы заңсыз төлем алу схемаларына тарту фактілері анықталған.

    Жеке және қаржылық деректердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу кезінде азаматтар жеке куәлік деректерін, банк картасының мәліметтерін, банкке қатысты құпия ақпаратты, SMS арқылы келген кодтарды, ЭЦҚ-ға қатысты мәліметтерді және өзге де жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуі керек.

    Сондай-ақ «төлемді міндетті түрде рәсімдеп беремін», «төлемді тездетіп аламын» немесе «төлем мерзімін ұзартып беремін» деп қызмет ұсынатын адамдарға ақша төлеудің қажеті жоқ. Әлеуметтік төлемдер заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалады. Сондықтан төлем тағайындау туралы шешім заңда көрсетілген талаптар мен ұсынылған мәліметтер негізінде қабылданады.

    Әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарттары мен тәртібі туралы өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ресми ресурстарынан, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталынан алуға болады.

    Қосымша сұрақтар бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды ақпаратты тек ресми әрі тексерілген дереккөздерден алуға, өз құқықтарын білуге және әлеуметтік төлем алуға көмектесемін деген ұсыныстарға, әсіресе әлеуметтік желілердегі хабарламаларға мұқият болуға шақырады.

    Әлеуметтік төлемдер – тиісті әлеуметтік тәуекел туындаған кезде азаматтарға заңнамада көзделген әлеуметтік қолдау шарасы. Оны алу үшін заңда белгіленген тәртіпті сақтап, тек ресми мемлекеттік сервистерді пайдалану жеткілікті.

    Ұқсас материалдар

    ЖәрмеңкеАяқталды

    Ақтөбеде 20-дан астам жұмыс беруші 180-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды

    Ақтөбе қаласында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Облыстық еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат беру, сондай-ақ оларды өңірдегі жұмыс берушілермен...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қысқа мерзімді оқыту – сұранысқа ие мамандықты меңгеруге мүмкіндік

    Ақтөбе облысында соңғы үш жылда қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 1760 адам қамтылды. Оның ішінде 1217 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білікті кадрлар даярлау. Осы мақсатта жұмыссыз...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбеде «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды

    Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні қарсаңында облыс әкімдігінде «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандар қатарында еңбек әулеттерінің өкілдері, жас мамандар, жұмысшы жастардың тәлімгерлері, сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік жауап...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі

    1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады. Осы уақыт ішінде Мансап орталығының мамандары адамның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарап, соған сай бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады. Егер адамға лайық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ҮШ ӨҢІРДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛДІ: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА SMS ЖІБЕРІЛІП, МАМАНДАР ҚОҢЫРАУ ШАЛАДЫ

    Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап техникалық оңалту құралдарының тізімі кеңейтілді. Бұл жұмыс Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығының жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан пилоттық жобасы аясында жүргізіледі. Жоба барысында көру қабілеті...

    ОтырысАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Тауановтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметт...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбе облысында қарт азаматтарға белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретін 22 орталық жұмыс істейді

    Егде жастағы азаматтардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасау, олардың әлеуметтік, психологиялық және физикалық әл-ауқатын қолдау мақсатында Ақтөбе облысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтар зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, қоғаммен байланысын сақтауға, денсаулығын н...