Қазақстан мен Корея азаматтарды EPS жүйесі арқылы жұмысқа орналастырудың мемлекеттік тетігін бекітті

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан мен Корея азаматтарды EPS жүйесі арқылы жұмысқа орналастырудың мемлекеттік тетігін бекітті
    КездесуАяқталды

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында еңбек көші-қоны саласында маңызды келісімге қол жеткізілді. Екі ел басшыларының келіссөздері қорытындысы бойынша екіжақты 13 құжатқа қол қойылды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасында Жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі (Employment Permit System, EPS) аясында қызметкерлерді жіберу және қабылдау туралы өзара түсіністік туралы меморандум.

    Меморандум Қазақстан азаматтарының Корея Республикасында ресми әрі заңды түрде жұмысқа орналасуына жол ашады. Жұмысқа орналасуға қатысты барлық рәсім екі елдің уәкілетті мемлекеттік органдары арқылы ресми еңбек шарты негізінде жүргізіледі.

    EPS жүйесі Корея Республикасында 2004 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жүйе жұмыс күші қажет кәсіпорындарға шетел азаматтарын ұйымдасқан түрде жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді. Корея тарапынан EPS жүйесінің жұмысын мемлекеттік HRD Korea ұйымы қамтамасыз етеді. Қазақстан тарапынан бұл бағытта уәкілетті орган мен еңбек мобильділігі орталықтары жұмыс істейді.

    EPS аясында азаматтарға 3 жылға дейінгі мерзімге E-9 визасы беріледі. Визаны 4 жыл 10 айға дейін ұзартуға болады. Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасу бес негізгі бағытта жүзеге асырылады: өндіріс, құрылыс, ауыл және мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, сондай-ақ қызмет көрсету саласы.

    2026 жылдың 14 тамызында Корея Республикасының Үкіметі Қазақстанды EPS жүйесіне қатысушы 18-ші мемлекет ретінде қосу туралы ресми шешім қабылдады. 2026 жылы жүйе бойынша шетелдік жұмысшыларға бөлінген жалпы квота 80 мың адамды құрайды. Қазақстан үшін жеке квота бағдарламаны толық іске қосқаннан кейін Корея тарапының шешімімен айқындалады.

    2028 жылдан бастап Қазақстан азаматтарын EPS бағдарламасына қабылдау жоспарланып отыр. Оған дейін Қазақстан тарапы қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Атап айтқанда, Алматы қаласында арнайы EPS орталығы ашылып, EPS-TOPIK тестілеу жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ кандидаттарды Кореяға шығуға дейін даярлау ұйымдастырылады.

    EPS жүйесінің іске қосылуы Қазақстан азаматтарына Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, ресми еңбек тәжірибесін жинақтауға және кәсіби біліктілігін арттыруға қосымша мүмкіндік береді. Мемлекетаралық деңгейдегі бұл ынтымақтастық жұмысқа орналасу рәсімдерінің ашық әрі реттелген түрде жүргізілуіне және екі елдің уәкілетті органдарының тікелей өзара іс-қимылына негіз болады.

    Ұқсас материалдар

    КеңесАяқталды

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

    ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті аумақтық бөлімшелермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске Қауіпсіздік департаментінің директоры Б.Ж. Мұрзашев және Әдеп жөніндегі уәкіл У.Б. Алшынбаева қатысып, сыбайлас жемқорлық көріні...

    Рабочая поездкаАяқталды

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М.Ертаев Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жұмысымен танысты

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Министр Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығына барып, мансап орталығының жұмысын...

    КеңесАяқталды

    Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша кеңес өткізілді

    2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілі Ахынова Ш.Ы. Ұлытау облысы бойынша Департамент басшылығының қатысуымен медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды: мү...

    СеминарАяқталды

    Зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 21 тамызда Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қызметкері Бейсенбаева Ф.А. Ұлытау облысы бойынша зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері жөніндегі департамент қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Оқытудың негізгі мақсаты – мамандардың кәсіби...

    Іс - шараАяқталды

    Инклюзивті қоғамды дамыту: Комитет қызметкерлері 6 шақырымдық жүгіруге қатысты

    Инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті 6 шақырымдық инклюзивті жүгіруге қатысты. Жүгіруге мүгедектігі бар адамдар, кресло-арбаны пайдаланушыл...

    ХабарландыруАяқталды

    «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметтерін проактивті сырттай көрсету рәсіміне тартылатын медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы лауазымына орналасуға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру»

    Тәуелсіз медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы қойылатын жалпы біліктілік талаптары. Санат үшін: өтініш берілген мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім. Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау...

    23 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті.Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті
    ХабарландыруАяқталды

    «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметтерін проактивті сырттай көрсету рәсіміне тартылатын медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы лауазымына орналасуға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру»

    Тәуелсіз медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы қойылатын жалпы біліктілік талаптары. Санат үшін: өтініш берілген мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім. Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау...

    14 қазан 2025 ж.Тікелей
    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті.Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті