АПТАЛЫҚ ЛЕЗДЕМЕ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    АПТАЛЫҚ ЛЕЗДЕМЕ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
    КеңесАяқталды
    Бүгін, Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен апталық лездеме жиналысын өткізді.
    Жиын барысында апта ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы тарқатылып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүргізілген жұмыстар сараланды.
    Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыстардың орындалу барысы, оның ішінде жазатайым оқиғадан сақтандыру шартының орындалу бағытындағы атқарылған шаралар қаралды.
    Сонымен қатар, Департаменттің қызметіне қатысты еңбек қатынастары саласы туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттар мен бейнематериалдардың сапасы, мазмұны және мерзімінде жариялану белсенділігі талқыланып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.
    Күн тәртібінде 2026 жылғы ІІ-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару тізіміне сәйкес профилактикалық бақылау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің ұйымдастырылуы, олардың белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы, анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау және бақылау жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелері де қаралды.
    Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.
    Өткізілген апталық лездеме қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге белгіленген міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау тапсырылды.

    Ұқсас материалдар

    Іс - шараЖақында

    ЕҢБЕК КҮНІ: ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА!

    Еңбек – қоғамның тұрақты дамуы мен ел экономикасының өркендеуінің негізгі тірегі. Еңбек адамының адал еңбегі мен кәсіби білімі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Осы ретте әрбір азаматтың еңбек ету құқығын қамтамасыз ету, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру және еңбек заңна...

    СұхбатАяқталды

    БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ?

    Жұмыс берушілер қызметкерлерден қандай дағдылар мен талаптарды күтеді? Ал жұмыс іздеушілер үшін жұмыс таңдауда қандай факторлар маңызды? Еңбек нарығындағы негізгі үрдістер, жұмыс берушілер талаптарының өзгеруі және қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамен...

    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ!

    ЕГЕРДЕ СІЗГЕ: – Еңбек демалысыңыз кестеге сәйкес берілмесе; – Жалақыңыз (зейнетақы жарналарыңыз бен тиісті әлеуметтік төлемдеріңіз) уақытылы немесе толық төленбесе; – Негізсіз тәртіптік жаза қолданылса; – Мереке, демалыс күндері заңсыз жұмысқа тартылсаңыз; – Үстеме жұмыстарға қосымша ақы төленбесе; – Жұмыс берушіңіз ж...

    КездесуАяқталды

    «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА!

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бекіткен арнайы кестесіне сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек қатынастары саласындағы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін, Департамент басшысы Әл...

    НазначениеАяқталды

    АСҚАРБЕК МАРАТҰЛЫ ЕРТАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.

    СоглашениеАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

    Бүгін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының арасында «2026 – 2030 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы сала...

    КездесуАяқталды

    ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА!

    2026 жылдың 24 тамыз күні Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, өңір тұрғындарының еңбек құқықтарына қатысты мәселелері қаралды.Жеке қабылдау барысында тұрғындар еңбек қатынастары, жалақының уақытылы төленуі, еңбек шартын жасасу, жұмыс берушінің...

    КеңесАяқталды

    САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ – ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

    Бүгін, Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кезекті кездесу Бәйдібек ауданында жалғасын тапты.Кездесуге Департаментті...