САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ – ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ – ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ
    КеңесАяқталды

    Бүгін, Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кезекті кездесу Бәйдібек ауданында жалғасын тапты.

    Кездесуге Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» бас маманы Биділдә Ербол Серікбайұлы, Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының басшысы Әуен Фазыл Нақыпбекұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Абылайхан Қонысұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және Бәйдібек ауданына қарасты ауыл округтерінің жауапты мамандары, балабақша және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

    Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы жұмыс берушілерге қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандырудың маңызы және қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге бағытталған маңызды әлеуметтік кепілдіктер туралы түсіндірме берді.

    Сонымен қатар, жазатайым оқиға орын алған жағдайда қызметкерге және оның отбасы мүшелеріне тиісті әлеуметтік қорғау тетіктерінің қарастырылатыны айтылды.

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    ЕҢБЕК - ЕЛДІҢ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ: ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ «ЕҢБЕК КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

    Құрметті еңбек адамдары, әріптестер және барша қазақстандықтар! Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбек – ел дамуының берік негізі. Еңбек құқығын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, лайықты еңбекке ақы төлеу, еңбек шартын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын сақ...

    Іс - шараАяқталды

    ЕҢБЕК КҮНІ: ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА!

    Еңбек – қоғамның тұрақты дамуы мен ел экономикасының өркендеуінің негізгі тірегі. Еңбек адамының адал еңбегі мен кәсіби білімі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Осы ретте әрбір азаматтың еңбек ету құқығын қамтамасыз ету, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру және еңбек заңна...

    Іс - шараАяқталды

    ЕҢБЕК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВ «ЕҢБЕК – ЕЛ МҰРАТЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

    Елімізде Президенттің бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадрлар даярлау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ЖИ элементтері бар заманауи шешімдермен танысты. Онда жұмыспен қамтылмаған азама...

    СұхбатАяқталды

    БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ?

    Жұмыс берушілер қызметкерлерден қандай дағдылар мен талаптарды күтеді? Ал жұмыс іздеушілер үшін жұмыс таңдауда қандай факторлар маңызды? Еңбек нарығындағы негізгі үрдістер, жұмыс берушілер талаптарының өзгеруі және қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамен...

    КеңесАяқталды

    АПТАЛЫҚ ЛЕЗДЕМЕ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

    Бүгін, Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен апталық лездеме жиналысын өткізді. Жиын барысында апта ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы тарқатылып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүргізілген жұмыстар сараланды. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіз...

    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ!

    ЕГЕРДЕ СІЗГЕ: – Еңбек демалысыңыз кестеге сәйкес берілмесе; – Жалақыңыз (зейнетақы жарналарыңыз бен тиісті әлеуметтік төлемдеріңіз) уақытылы немесе толық төленбесе; – Негізсіз тәртіптік жаза қолданылса; – Мереке, демалыс күндері заңсыз жұмысқа тартылсаңыз; – Үстеме жұмыстарға қосымша ақы төленбесе; – Жұмыс берушіңіз ж...

    КездесуАяқталды

    «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА!

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бекіткен арнайы кестесіне сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек қатынастары саласындағы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін, Департамент басшысы Әл...

    НазначениеАяқталды

    АСҚАРБЕК МАРАТҰЛЫ ЕРТАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.