Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өтеді

    Мәртебе
    Жақында
    Формат
    Тікелей
    Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өтеді
    Іс - шараЖақында

    Алматы әкімдігінің қолдауымен 19 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында NAIZA 85 аралас жекпе-жек турнирі өтеді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.

    Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірі аса жеңіл салмақта Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы чемпиондық реванш болмақ. Олардың NAIZA 83 турниріндегі алдыңғы кездесуі Саясатовтың дисквалификациялануымен аяқталған еді.

    Сондай-ақ жеңіл салмақтағы чемпион Жансерік Жақсығұлұлы Мири Садыговқа қарсы чемпиондық атағын алғаш рет қорғайды. NAIZA 85 кардында Жұман Жұмабеков, Азат Мақсұм, Артем Тарасов және аралас жекпе-жектің өзге де өкілдері өнер көрсетеді.

    Турнир қарсаңында баспасөз конференциясы, ашық жаттығу және көз арбасу рәсімдері өтеді.

    БАҚ өкілдеріне арналған іс-шаралар бағдарламасы:

    16 қыркүйек, 13:00 — баспасөз конференциясы, Regardal Hotel;
    17 қыркүйек, 16:00 — Open Workout және Staredown, Арбат;
    18 қыркүйек, 18:00 — Staredown, Арбат;
    19 қыркүйек, 17:00 — NAIZA 85 турнирі, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы.

    БАҚ өкілдерін турнир мен оның алдындағы іс-шаралардың барысын жариялауға шақырамыз.

    Күні: 2026 жылы 19 қыркүйек
    Уақыты: 17:00
    Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, Алматы

    БАҚ үшін байланыс:
    Виктория Говоркова
    Тел./WhatsApp/Telegram: +7 701 888 16 27
    E-mail: [email protected]

    Спорт

    Ұқсас материалдар

    ЖарысАяқталды

    Алматыда бокстан қала чемпионаты өтеді

    Алматыда 6–14 қыркүйек аралығында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында бокстан қала чемпионаты өтеді. Жарысқа Алматыдағы спорт мектептері мен клубтардың тәрбиеленушілері қатысады. Чемпионат қорытындысы бойынша тиісті жас санаттарында қаланың құрама командасына кіретін үздік спортшылар анықталады. 2011–2012 жыл...

    6 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Алматы қаласы, Ақсай-1 шағынауданы, 10-үй, Жоғары спорт шеберлігі мектебі.Алматы қаласының әкімдігі
    ХабарландыруАяқталды

    12 қыркүйекте Алматыда STEPPE Fair 2026 өтеді

    12 қыркүйекте OTZALT алаңында Қазақстан мен Орталық Азияның бизнес, технология, медиа, мәдениет және креативті индустрия өкілдерін біріктіретін STEPPE Fair 2026 қалалық іс-шарасы өтеді. Шараны STEPPE лайфстайл-медиасы ұйымдастырады. Биылғы тақырып – Matchmaking. Іс-шара жаңа кәсіби байланыстар орнатып, түрлі салалардағ...

    8 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Алматыда Қала күніне орай GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді

    6 қыркүйекте Алматыдағы «Астана» алаңында Қала күніне арналған GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді. Фестиваль спорт пен жастарға арналған бірнеше бағытты біріктіреді. Бағдарламада 3×3 стритбол, киберспорт, BMX, брейкинг және стрит-дэнс бойынша би батлдары, воркаут, сондай-ақ «Формула-1» және картинг симуляторлары бар с...

    6 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Алматы қаласы, «Астана» алаңыАлматы қаласының әкімдігі
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық артисі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған көрме

    2026 жылы 4 қыркүйек күні сағат 11:00-де Алматы музейінде Қала күніне орай қазақ опера өнерінің тарихында өшпес із қалдырған көрнекті әнші, қайталанбас дауыс иесі, Қазақстанның Халық артисі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қоғам қайраткері Ермек Серкебаевтің 100 жылдығына...

    4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Қазақстанда айтулы халықаралық WTT Contender Almaty турнирі бесінші рет өтеді

    1–6 қыркүйек аралығында Алматыда жүлде қоры 100 000 АҚШ доллары болатын WTT Contender Almaty 2026 халықаралық үстел теннисі турнирі өтеді. Биылғы жарысқа 19 елдің атынан 100-ден астам спортшы қатысады. Олар Германия, Үндістан, Испания, Италия, Йемен, Қытай Тайбэйі, Люксембург, Мексика, Нидерланд, Пуэрто-Рико, Ресей, Са...

    1 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Алматыда ғылыми гранттарға өтінімдерді қарау басталады

    2026 жылғы 7 тамызда Алматыдағы «Тұран» университетінің базасында ғылыми гранттарға ұсынылған өтінімдерді қарау басталады. Конкурс Алматы қаласын дамытудың басым жеті бағыты бойынша өткізіледі. Конкурстың негізгі мақсаты – перспективалы ғылыми жобаларды іріктеу, ғылыми-зерттеу қызметін қолдау және жастардың ғылыми әлеу...

    4 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    28 шілде күні сағат 12:30-да Қазақстан Пресс-клубында 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін YE концертіне дайындық және оны ұйымдастыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

    Ұйымдастырушылар – First Media Group және Freedom Афиша. Баспасөз мәслихатын өткізу туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан келіп түскен көптеген сауалға байланысты қабылданды. Негізгі сұрақтар концерттің өтетін күні мен орнына, «Қайрат» футбол клубымен өзара іс-қимылға, ұйымдастыру жұмыстарының қазіргі бары...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    Центральный стадионАлматы қаласының әкімдігі
    Іс - шараАяқталды

    БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

    «Econetwork» ЖШС ұйымдастыруымен және «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған көшпелі экотрек экологиялық акциясы өтеді 2026 жылы 1 шілдеде Алматыдағы «Mountain Drive» тұрғын үй кешенінің аумағында «Econetwork» ЖШС-нің көшпелі экотрегі қатысатын тұрмыстық қатты қалд...

    1 шілде 2026 ж.Тікелей
    Алматы қаласы, Жәңгір хан көшесі, 2, «Mountain Drive» тұрғын үй кешенінің аумағы.Алматы қаласының әкімдігі