АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
Талдау объектісі: Іле аудандық мәслихатының аппараты
Талдау кезеңі: 7 қыркүйек 2026 ж.
Талдау жүргізген жұмыс тобы: «Іле аудандық мәслихат аппараты» ММ
- ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1.Қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
-ҚазақстанРеспубликасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексі № 268-XIII;
-Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексі;
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23қарашадағы №414-VҚРЗ;
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25желтоқсандағы№120-VIҚРЗ кодексі;
-Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларымен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;
-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы;
- "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015жылғы 23 қарашадағы №416-VҚРЗ Заңы;
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы №480-VҚРЗ;
- "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы "2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңы;
- "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-VЗаңы;
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-VҚРЗ Заңы;
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы;
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы11сәуірдегі №188-V 3PK Заңы;
-"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18қарашадағы №410-VҚРЗ Заңы;
"2019 -2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы №197-VІ Заңы;
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы №418-VҚРЗ;
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысымен бекітілген "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы";
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 Қаулысымен бекітілген" Мемлекеттік органдардың аппаратымен ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары және телефон байланысын пайдаланғаны және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізгені үшін тиістілік нормалары туралы";
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы қаулысымен бекітілген" мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлық ақыларына үстеме ақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" № 1127;
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген" Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы";
-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген "бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы";
-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";
-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы".
-"Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2018 жылғы 31қазандағы №703 Қаулысы;
-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы".
2.Заңнамада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (соқтығысулар,олқылықтар,дискрециялық нормалар және т.б.) анықталған жоқ.
3.Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 мемлекеттік орган жұмыс істейді, мемлекеттік қызметшілердің штат саны 6 бірлікті, нақты жұмыс істейтіндер саны – 6, бос орындар саны – 0 бірлікті құрады.
2026 жылы рәсімдер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
- ТАЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер;
2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
3) кадрлық рәсімдер және өзге де қызметтік процестер.
- АНЫҚТАЛҒАН ТӘУЕКЕЛ №1
Тәуекел: нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, келісу және рәсімдеу кезінде субъективті шешім қабылдау ықтималдығы.
Себептері: рәсімдердің жеткілікті нақтыланбауы; жауапты тұлғалардың функцияларын бөлу қажеттілігі; мерзімдерді бақылаудың әлсіздігі.
Ықтимал салдары: шешім қабылдау процесінің ашықтығының төмендеуі және мүдделер қақтығысының туындау қаупі.
Деңгейі: орташа.
Ұсыным: құжаттарды дайындау және келісу алгоритмін нақтылау, жауапты тұлғаларды белгілеу және ішкі бақылауды күшейту.
- АНЫҚТАЛҒАН ТӘУЕКЕЛ №2
Тәуекел: кадрлық рәсімдерді жүзеге асыру кезінде субъективті шешім қабылдау ықтималдығы.
Себептері: кадрлық рәсімдерге бірнеше деңгейлі бақылаудың жеткіліксіздігі; адами фактор.
Ықтимал салдары: қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы және мүдделер қақтығысы.
Деңгейі: орташа.
Ұсыным: кадрлық шешімдерді құжатпен негіздеу, рәсімдердің заңнамаға сәйкестігін тұрақты бақылау және қызметкерлерді тиісті рәсімдермен таныстыру.
- ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген талдау нәтижесінде көрсетілген тәуекелдер анықталды. Оларды төмендету мақсатында іс-шаралар жоспарын іске асыру және ұсыныстардың орындалуына мониторинг жүргізу қажет.
Жұмыс тобының төрағасыМ. Карибаев
Мүшелері:
Аппарат басшысы Б.Мұсаев ________________________ таныстым
Бөлім басшысы А.Рахимбаева ________________________ таныстым
Бас маман С.Ерболатұлы ________________________ таныстым
Бас маман Ғ.Мұнасова ________________________ таныстым
Бас маман Ұ.Еркін ________________________ таныстым