СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ӨКІМ ЕТЕМІН:
- Іле аудандық мәслихатының аппаратында «2» қыркүйек 2026 жылдан «30» қыркүйек 2026 жылға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда бекітілсін:
Жұмыс тобының төрағасы: М. Карибаев.
Жұмыс тобының мүшелері:
- Аппарат басшысы Б. Мұсаев
- Бөлім басшысы А. Рахимбаева
- Бас маман С.Ерболатұлы
- Бас маман Ғ.Мұнасова
- Бас маман Ұ.Еркін
- Жұмыс тобына нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу, тәуекелдерді анықтау, олардың себептері мен жағдайларын айқындау және ұсынымдар әзірлеу тапсырылсын.
- Талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат басшысы Б.Мұсаевқа жүктелсін.
Мәслихат төрағасы М. Карибаев