Хабарландыру
«Іле аудандық мәслихат аппаратының» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру.
2026 жылғы 9 қыркүйегінде сағат 10.00-де Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханова көшесі, №8 мекен-жайы бойынша «Іле аудандық мәслихат аппаратының» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланған. Қосымша ақпарат пен сұраулар үшін 8(72752)2-00-27 телефонына қоңырау шалыңыз.