Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М.Ертаев Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жұмысымен танысты

    Орны
    Қарағанды облысы
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М.Ертаев Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жұмысымен танысты
    Рабочая поездкаАяқталды

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

    Министр Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығына барып, мансап орталығының жұмысын және JOB COACH жобасының жүзеге асырылу барысын көрді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған «Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметін зерделеді.

    Жыл басынан бері облыстың Еңбек мобильділігі орталығы мен мансап орталықтарына 40 128 адам жүгінген. Оның ішінде 26 мыңға жуық азаматқа жұмыс табуға көмек көрсетілді.

    Асқарбек Ертаев мансап орталығына жұмыс іздеп келген тұрғындармен де сөйлесті. Олардың арасында жастар, орта және үлкен жастағы азаматтар, еңбек жолын жалғастырғысы келетін зейнеткерлер бар. Келушілер жұмыс іздеу кезінде қандай көмек алғанын және мансап орталығының қызметін қалай пайдаланғанын айтып берді.

    Солардың бірі – Нұртілек Болат. Ол биыл университетті бітірген. Мансап орталығының мамандары оған алған мамандығына сәйкес жұмыс табуға көмектескен. Жас маманға Қарағандыдағы ұйымдардың бірінен дизайнер қызметі ұсынылды. Жақын арада ол жаңа жұмысына кіріседі.

    «Биыл жоғары оқу орнын тәмамдадым. Бүгін Мансап орталығына келіп, мамандығыма сәйкес жұмыс табуға көмек алдым. Жас маман ретінде еңбек жолымды бастағаныма қуаныштымын. Мемлекет тарапынан жас түлектерге қолдау көрсетіліп, алғашқы жұмыс орнын табуға мүмкіндік беріліп жатқаны өте маңызды деп ойлаймын. Мансап орталығында жастармен қатар, ересек жастағы азаматтарға да жұмыс іздеуге көмек көрсетіліп жатқанын көрдім. Бұл орталықтардың кез келген жастағы азаматқа лайықты жұмыс табуға қолдау көрсететінінің нақты дәлелі», – деді жас маман.

    Министр мансап орталықтары әр азаматтың жеке мүмкіндіктері мен кәсіби әлеуетін ескеріп, оған лайықты жұмыс табуға нақты қолдау көрсетуі маңызды екенін атап өтті.

    «Біз үшін мансап орталықтарына көмек сұрап келген адамдардың пікірін тікелей есту маңызды. Әр адамның артында нақты өмірлік жағдайы бар. Сондықтан мамандардың міндеті тек кеңес беріп немесе бос жұмыс орындарының тізімін ұсынумен шектелмеуі керек. Адамның тәжірибесін, мүмкіндігін және кәсіби тұрғыда дамуға деген талабын ескеріп, оған лайықты жұмыс табуға көмектесу қажет», – деді Асқарбек Ертаев.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен Корея азаматтарды EPS жүйесі арқылы жұмысқа орналастырудың мемлекеттік тетігін бекітті

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында еңбек көші-қоны саласында маңызды келісімге қол жеткізілді. Екі ел басшыларының келіссөздері қорытындысы бойынша екіжақты 13 құжатқа қол қойылды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік...

    КеңесАяқталды

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

    ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті аумақтық бөлімшелермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске Қауіпсіздік департаментінің директоры Б.Ж. Мұрзашев және Әдеп жөніндегі уәкіл У.Б. Алшынбаева қатысып, сыбайлас жемқорлық көріні...

    КеңесАяқталды

    Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша кеңес өткізілді

    2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілі Ахынова Ш.Ы. Ұлытау облысы бойынша Департамент басшылығының қатысуымен медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды: мү...

    СеминарАяқталды

    Зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 21 тамызда Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қызметкері Бейсенбаева Ф.А. Ұлытау облысы бойынша зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері жөніндегі департамент қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Оқытудың негізгі мақсаты – мамандардың кәсіби...

    Іс - шараАяқталды

    Инклюзивті қоғамды дамыту: Комитет қызметкерлері 6 шақырымдық жүгіруге қатысты

    Инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті 6 шақырымдық инклюзивті жүгіруге қатысты. Жүгіруге мүгедектігі бар адамдар, кресло-арбаны пайдаланушыл...

    ХабарландыруАяқталды

    «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметтерін проактивті сырттай көрсету рәсіміне тартылатын медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы лауазымына орналасуға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру»

    Тәуелсіз медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы қойылатын жалпы біліктілік талаптары. Санат үшін: өтініш берілген мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім. Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау...

    23 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті.Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

    14 қазан 2025 ж.Тікелей