«2026 жылы заңды тұлға – бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша бейрезиденттерге салық салу тәртібі»

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «2026 жылы заңды тұлға – бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша бейрезиденттерге салық салу тәртібі»
    СұхбатАяқталды

    тікелей эфир
    сұрақтары мен жауаптары

    1. Бейрезидент деп кім танылады?

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 225-бабына сәйкес, бейрезидент – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің немесе қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлға.

    2. Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу міндеттемесі қандай жағдайда туындайды?

    Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару міндеттемесі қазақстандық ұйымның немесе жеке кәсіпкердің (салық агентінің) заңды тұлға – бейрезидентке табыс төлеуі кезінде, егер мұндай табыс Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс деп танылса, туындайды.

    3. Бейрезиденттің қандай табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы есептеледі?

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 679-бабына сәйкес, заңды тұлға – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарына, атап айтқанда, мыналар жатады:

    Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден алынатын табыстар;

    басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік, заңгерлік және IT-қызметтер көрсетуден алынатын табыстар;

    пассивті табыстар (дивидендтер, сыйақылар (пайыздар), роялти);

    Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті жалға беруден немесе өткізуден алынатын табыстар;

    халықаралық тасымалдарды жүзеге асырудан алынатын табыстар.

    4. Заңды тұлға – бейрезиденттердің табыстарына қандай корпоративтік табыс салығының мөлшерлемелері қолданылады?

    Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 682-бабында белгіленген:
    20 % – жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден, жарнамадан, маркетингтік және өзге де ұқсас қызметтерден алынатын табыстарға;
    15 % – тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына;
    5 % – тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына;
    5 % – халықаралық тасымалдау қызметтерін көрсетуден алынатын табыстарға;
    15 % – құн өсімінен алынған табыстарға, дивидендтерге, сыйақыларға (пайыздарға) және роялтиге;
    20 % – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте (офшорлық юрисдикцияда) тіркелген тұлғалардың табыстарына.

    5. Заңды тұлға – бейрезидент үшін корпоративтік табыс салығын кім төлейді?

    Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын салық агенті – заңды тұлға – бейрезидентке табыс төлейтін қазақстандық ұйым немесе жеке кәсіпкер ұстап қалады және бюджетке аударады.
    Салық бейрезидентке төленетін табыс сомасынан тікелей ұсталып, Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылады.

    6. Қандай салық есептілігі ұсынылады және қандай мерзімде тапсырылады?

    Салық агенттері заңды тұлға – бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есепті (101.04-нысан) ұсынуға міндетті.
    Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

    7. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу мерзімдері қандай?

    Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 683 және 684-баптарымен реттеледі.
    Салық кодексінің 683-бабына сәйкес, салықты есептеу және ұстап қалу заңды тұлға – бейрезидентке табыс төленген күні жүргізіледі.
    Салық кодексінің 684-бабына сәйкес, ұсталған салық сомасы бейрезидентке табыс төленген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірілмей бюджетке аударылады.

    Салықтық әкімшілендіру

    Ұқсас материалдар

    СұхбатАяқталды

    270.00 декларациясы: кім және қашан тапсыруы керек?

    Абай облысы бойынша МКД өкілі Айнаш Мусаинова «Семей» телеарнасындағы «Диалог» бағдарламасында 2025 жыл үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынудың өзекті мәселелерін түсіндірді.Айнаш Мусаинова атап өткендей, декларацияны заңнамада белгіленген негіздері бар жеке тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер жә...

    ХабарландыруАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир аңдатпасы! Тікелей эфир тақырыбы:Бақылау-кассалық машинаны қолдану тәртібі: кәсіпкерлер нені білуі керек? Спикер:Изатова Меруерт Козыхановна — Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және сапасын бақы...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

    Қазақстанда сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізілуде. 1 қыркүйектен бастап жаңа талаптар шыны бөтелкелерге құйылған өнімдерге қолданылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ержан Сәбиев мәлімдеді. Ержан Сә...

    КонференцияАяқталды

    БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

    Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы: бақылау және жауапкершілік Тұрлыбекова Асем Қадырқызы — Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Байсалбай Айдос Айтпайұлы — Абай облысы бойынша Мемкелеттік кірістер департаментінің жанама салықтард...

    ХабарландыруАяқталды

    Диалог форматында тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир тақырыбы:«Қазақстан республикасындағысоттан тыс банкроттық бойыншаөзекті сұрақтар» Спикер:Сыдыканов Ерзат Дулатұлы -Абай облысы бойынша МКД дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасыныңбас маманы 24.07.2026 ж. сағ. 11:00-де

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Жаңа Салық кодексі: 2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді?

    Жаңа Салық кодексі:2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді? тікелей эфирсұрақтары мен жауаптары1.Өткен салық кезеңдері үшін салық есептілігіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізген оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушіге қатысты салық міндеттемесі мен талап бойынша...

    Дөңгелек үстелАяқталды

    «Бақты» кеден бекетінде дөңгелек үстел өтті.

    2026 жылғы 10 шілдеде Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бақты» кеден бекетінде кеден өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № КГД-13-13/16251-ИН нұсқау хат...

    СеминарАяқталды

    Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді

    Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті. Семинар спикері ретінде Абай облысы Кәсіподақтар орталығының басшысы, «Әділет» партиясының мүшесі Қ.С. Сүлейменов с...