Кассадағы баға мен сөредегі баға әр түрлі болған жағдайда.

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Бөлшек сауда саласындағы ең көп таралған бұзушылықтардың бірі - сауда залындағы баға белгісінде көрсетілген тауар құнының кассада төлеуге ұсынылатын бағаға сәйкес келмеу жағдайлары.

    Сауда объектісінің әкімшілігі бұл алшақтықтарды көбінесе техникалық себептермен: тауарды қайта бағалаумен, қысқа мерзімді акциялардың аяқталуымен немесе адами фактормен («баға белгісін ауыстырып үлгермедік») негіздейді.

    Заңдық тұрғыдан алғанда, тауарды дүкен сөрелеріне нақты бағасын көрсете отырып орналастыру жария оферта (ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабы) деп танылады. Бұл сатушы кез келген азаматпен қатаң көрсетілген шарттарда сатып алу-сату шартын жасасуға дайын екендігін мәлімдейтінін білдіреді.

    «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабының 12-тармағына сәйкес, тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.

    Бағалардың алшақтығы фактісі анықталған жағдайда, тұтынушы тауарды сауда залындағы баға белгісінде көрсетілген құны бойынша сатуды талап етуге заңды құқығы бар.

    Бұзушылық фактісін баға белгісі мен чекті фотоға түсіру, сондай-ақ Пікірлер мен ұсыныстар кітабына жазба енгізу арқылы тіркеу ұсынылады.

    Мұндай жағдайларда азаматтар құқықтық көмек алу және өздерінің заңды мүдделерін қорғау үшін төмендегі мекен-жайға жүгіне алады: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны 8(7242)71-15-30, сондай-ақ «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіндегі eGov.kz мемлекеттік порталы арқылы ресми түрде өтініш жолдай алады.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Алданбаудың амалдары

    Бүгінгі күні өмірімізді ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Ал олардың өндірушілері күн сайын жаңаларын жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон алу – көптеген адамдардың арманы, тіпті кейбіреулер ол үшін банктен несие алуға дайын. Ал сол телефон сынып қалса өте өкінішті. Ал бұл ретте тұтынушылар аталған келенсіздікті жою...

    9 қараша 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Техникалық жағынан күрделі тауар

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 87-VII Заңымен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілді. Атап айтқанд...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Жәрмеңкеге шақыру!

    ҚҰРМЕТТІ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!Сіздерді 2026 жылдың 31 қазан күні «Алтын күз-2026» мерекесіне арналған «Алтын дән – ел ырысы» атты мәдени іс-шаралардың құрметті мейманы болуға шақырамыз!БАҒДАРЛАМАСЫ9.30–10.00 – Ауыл шаруашылығы өнімдерінен дайындалған көрмелермен танысу.10.00–10.30 – Театрландыры...

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы туралы, уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру жөніндегі міндеттері

    Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес Сатушы өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауа...

    28 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Жәрмеңкеге шақыру!

    Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!Сіздерді Сырдария ауданының ұйымдастыруымен өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!26 қыркүйек 2026 жыл09:00–13:00«Тағзым алаңында» (Д. Қонаев пен Е. Әуелбеков көшелерінің аралығы)Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да табиғи өнімдер ұ...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тұтынушының құқықтары

    Күнделікті өмірде әрқайсымыз өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға немесе тапсырыс беруге ниетті тұтынушы – жеке тұлға болып табыламыз. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 4 мамырдағы №274 Заңы (әрі қарай - Заң) тұтыну...

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуна...

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей