Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады
    ХабарландыруАяқталды

    2026 жылы 26 маусым күні сағат 14:00-де Қытай Халық Республикасының Шанхай тарихи музейінде (Shanghai History Museum) Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» атты халықаралық көрмесі салтанатты түрде ашылады. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы және Шанхай қаласы мэрінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

    «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» халықаралық көрмесінің жоспарға енгізілуіне Алматы мен Шанхай қалалары арасындағы бауырластық қатынастардың орнатылуы («Қытай – Орталық Азия» екінші саммиті, Астана қаласы, 2025 жылғы 16-18 маусым) негіз болды.

    Сондай-ақ, 2026 жылғы 7-8 сәуір аралығында Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэн Алматыға ресми іс-сапармен келіп, қала әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесуі барысында екі мегаполис арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері кеңінен талқыланған болатын.

    Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Шанхай тарихи музейі арасындағы бауырластық қарым-қатынастың жалғасы ретінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, оның аясында Алматы музейінің көрмесін Шанхай тарихи музейінде ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

    Шанхай тарихи музейі (Shanghai History Museum) – Шанхайдың тарихи орталығында орналасқан мемлекеттік музей. Музей қорында қаланың 6000 жылдық тарихын қамтитын ежелгі дәуірден XX ғасырдың ортасына дейінгі 30 000-нан астам тарихи жәдігер сақталған.

    Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мәдени байланысты нығайту, сондай-ақ қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихын таныстыру, рухани және материалдық мұраны сақтау мен дәріптеуге ықпал ету.

    Көрмеде Алматы қаласы музейлер бірлестігі қорынан 100-ге жуық жәдігер қойылады. Олардың қатарында қазақ халқының этнографиялық мұрасын, тұрмыс-салты мен дәстүрін танытатын құнды жәдігерлер, Алматы қаласының тарихы мен қазіргі өмірін бейнелейтін фотосуреттер және халқымыздың ұлттық музыкалық мәдениетін дәріптейтін дәстүрлі музыкалық аспаптар бар.

    Алматы қаласы музейлер бірлестігі – еліміздің мәдени және қоғамдық өміріне белсенді үлес қосып келе жатқан заманауи мәдени мекеме. Соңғы жылдары бірлестік халықаралық серіктестік бағытында айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

    Музей қорларындағы ерекше топтамалар бұған дейін Оңтүстік Корея (Сеул), Австрия (Вена), Франция (Париж), Италия (Неаполь), Чехия (Прага), Сербия (Белград), Мажарстан (Карцаг), Түркия (Ыстанбұл), Нидерланд Корольдігі (Амстердам) қалаларында сәтті таныстырылды.

    «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі Ұлы даланың мәдени мұрасын әлемге танытып, қазақ халқының рухани дүниесі мен терең тарихи тамырын айшықтайтын маңызды мәдени оқиға болмақ.

    Көрме 2026 жылы 30 тамызға дейін жалғасады.

    Сайт: https://almatymuseums.kz/
    Instagram: @almatymuseums
    Байланыс телефоны: +7 708 820 6179; +7 747 934 94 59

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    28 шілде күні сағат 12:30-да Қазақстан Пресс-клубында 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін YE концертіне дайындық және оны ұйымдастыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

    Ұйымдастырушылар – First Media Group және Freedom Афиша. Баспасөз мәслихатын өткізу туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан келіп түскен көптеген сауалға байланысты қабылданды. Негізгі сұрақтар концерттің өтетін күні мен орнына, «Қайрат» футбол клубымен өзара іс-қимылға, ұйымдастыру жұмыстарының қазіргі бары...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    Центральный стадионАлматы қаласының әкімдігі
    Іс - шараАяқталды

    БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

    «Econetwork» ЖШС ұйымдастыруымен және «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған көшпелі экотрек экологиялық акциясы өтеді 2026 жылы 1 шілдеде Алматыдағы «Mountain Drive» тұрғын үй кешенінің аумағында «Econetwork» ЖШС-нің көшпелі экотрегі қатысатын тұрмыстық қатты қалд...

    1 шілде 2026 ж.Тікелей
    Алматы қаласы, Жәңгір хан көшесі, 2, «Mountain Drive» тұрғын үй кешенінің аумағы.Алматы қаласының әкімдігі
    Іс - шараАяқталды

    Алматы қаласы әкімінің кубогына арналған робототехника және инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионат «Almaty TechCup XII» туралы баспасөз аңдатпасы

    Өтетін орны: Алматы Арена спорт кешеніӨтетін күні: 2026 жылғы 30 маусым – 1 шілдеҰйымдастырушылар: Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы Білім басқармасы, «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, USTEM Foundation қоғамдық қоры. Almaty TechCup – робототехника, инженерия, дро...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Алматыда қуық асты безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді

    27 маусымда Алматы онкологиялық орталығында қуық асты безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыруға арналған ашық есік күні өтеді. Іс-шара сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін онкологтардың қатысуымен өтеді.Іс-шара аясында қала тұрғындары мамандардан тегін кеңес ала алады, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша қуық...

    27 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    Жұлдызды аспан астындағы жауһарлар мен тарихи сахна сиқыры: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Қазақстанда тұңғыш рет «Опера түні» атты ерекше екі күндік жоба ұсынады

    Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 92-театр маусымының жабылуы қарсаңында Алматы тұрғындары мен қонақтарына ауқымды тосынсый дайындады. Театр тарихында тұңғыш рет қалыптасқан формат шеңберінен шығып, көрермендерге екі күндік бірегей «Опера түні» жо...

    25 маусым 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Алматыда Recycle Бірге қалалық экологиялық акциясы өтеді

    2026 жылы 21 маусымда Алматы қаласында Recycle Бірге қалалық экологиялық акциясы өтеді. Бұл – тұрғындарды, бизнес өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік бастамаларды тұрақты даму, саналы тұтыну және қалдықтарды бөлек жинау қағидаттары төңірегінде біріктіретін қаладағы ең ірі қоғамдық экологиялық алаңдардың бірі. Жо...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінің 45 жылдығы аясында Қазақстандағы Португалия Елшілігінің дәстүрлі португал музыкалық аспаптарын музей қорына салтанатты табыстау рәсімі өтеді

    2026 жылы 19 маусымда сағат 16:00-де «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде музейдің 45 жылдық мерейтойы және Португалияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының ашылғанына бір жыл толуына орай дәстүрлі екі португал гитарасын музей қорына табыстауға арнал...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    г. Алматы, ул. Зенкова, 24а.Алматы қаласының әкімдігі
    Іс - шараАяқталды

    Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің делегациялары қатысатын Халықаралық жастар кемпингінің ашылуы өтеді

    «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастар делегациялары қатысатын Халықаралық жастар кемпингінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Халықаралық кемпинг түркі мемлекеттерінің жастары арасындағы достық байланысты нығайтуға, мәдениетаралық диал...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей