Атырауда кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер түсіндірілді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Атырауда кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер түсіндірілді
    СеминарАяқталды

    23 маусым күні Қазақстанның мұнайлы астанасы - Атырау қаласында, шағын және орта бизнес субъектілері өңірдегі ірі кәсіпорындармен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын өңірде, «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК арасындағы ашық диалог» жобасы аясындағы кезекті семинар өтті.

    Іс-шараға MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер, салық консультанттары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қатысты.

    Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық заңнамасының негізгі мәселелері бойынша, оның ішінде Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтар, салық міндеттемелерін орындау тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің ерекшеліктері, арнаулы салық режимдерін қолдану және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

    Сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Электрондық сервистерді дамыту мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осы орайда, 2026 жылдың
    қаңтар - мамыр айлары аралығында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен барлығы 178 421 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде 177 944 қызмет немесе 99,7%-ы электрондық форматта ұсынылды.

    Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, салық заңнамасын қолданудың практикалық аспектілерін талқылауға және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтуға мүмкіндік алды.

    «Халық бухгалтері 2026» жобасы кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, бизнес пен мемлекет арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға, сондай-ақ салық міндеттемелерін ерікті әрі адал орындау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен Беларусь транзитті жеделдету және кедендік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

    2026 жылғы 23 қыркүйекте Брест қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Владимир Орловскиймен екіжақты кездесуі өтті. Беларусь Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серікт...

    23 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Брестте ЕАЭО Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 55-отырысы өтті

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Брест қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының (ЕЭО КҚБА) 55-отырысы өтті. Кеден қызметтерінің бірлескен алқасы – ЕЭО кеңістігінде бірыңғай кеден саясатын практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі үйлестіруші орган. Алқа жұмыс...

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Батыс Қазақстан облысында өңірлік форум өтті

    2026 жылғы 10–11 қыркүйек аралығында Орал қаласында «Қазақстандағы және көршілес елдердің шекаралас юрисдикцияларындағы оңалту және банкроттық туралы заңнаманы реформалау» тақырыбында өңірлік форум өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысып, оңалту...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен Дүниежүзілік кеден ұйымы ынтымақтастықты кеңейтуде: цифрлық кеден, жедел транзит және кадрларды дайындау

    Қазақстан Еуразиядағы негізгі транзиттік тораптардың бірі рөлін дәйекті түрде нығайтып келеді. Жүк ағындарының өсуі кеденнен екі нәрсені талап етеді: заңды жүктерді тезірек өткізу және тәуекелдерді дәл анықтау. Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Бас хатшысы Иэн Сондерспен Астанада өткен келіссөзде басты назар осы тақыры...

    8 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай дөңгелек үстел өтті

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Комитет қызметкерлерінің айтыскер ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қа...

    4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматы қаласында жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

    2026 жылғы 3 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер және мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында кредиторлардың банкроттық рәсімдеріне қатысуш...

    4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кіріс органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай спорттық жарыс өткізді

    2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай Спартакиада өтті. Спорттық шараға Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің 400-ге жуық қызметкері қатысты. Спарта...

    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен Өзбекстан шекара арқылы тауарлардың қозғалысын жеңілдету бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

    2026 жылғы 5–7 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті, Өзбекстан Республикасы Кеден комитеті және Халықаралық сауда орталығы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Сапар барысында тараптар екі мемлекет арасындағы «Үзіліссіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру процес...