Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтау

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтау
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Сіздер халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, елдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Күнделікті қызметтеріңіз арқылы азаматтардың сенімін ақтап, қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер.

    Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен елге деген жанашырлықтарыңыз әрдайым жоғары бағаланады.

    Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін!

    Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

    Құрметпен, Шарын ауылдық округінің әкімі Б.А.Алғазиев

    Ұқсас материалдар

    Мерекелік концертАяқталды

    Аттестат тапсыру

    Шарын ауылдық округіндегі Қонаев атындағы орта мектебінде 9 сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға мектеп ұжымы, ұстаздар, ата-аналар, ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар қатысты. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры түлектерді маңызды белеспен құттықтап, оларға жарқын бо...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    Шарын ауылыдқ округінің Д.Қонаев орта мектебі
    Мерекелік концертАяқталды

    Конституция күні қос қуаныш

    Конституция күні қос қуаныш! Бүгі Шарын ауылында қос мереке. Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы - күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді. Осы игілікті іс Қазақстан Ркспубликасының Конституциясы күнімен қатар ұйымдастырылып, мерекенің мамұны мен маңызы арта түсті. Жаңарған мәдениет ошағы - ел игі...

    3 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Дом культуры Шарынского сельского округа
    КездесуАяқталды

    жиналыс

    2024 жылдың 12 желтоқсан күні Шарын ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залында мекеме басшылары және қоғамдық ұйым мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста талқыланған басты мәселе мекемелердің апта ішіндегі атқарған жұмыстары ауыл тұрғындарының баспасөзге жазылуы туралы айтылды.

    12 желтоқсан 2024 ж.Тікелей
    Шарын ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залы
    Мәдениет күндеріАяқталды

    Іс-шара

    Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылының орталық саябағында аудан көлемінде «Еңбекпен келген-ырыс!» атты сабан той мерекесі ұйымдастырылды. Жұрт ауа райының қолайсыздығына қарамастан дәстүрлі мерекені соңына дейін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Ауылымыздың әлеуметтік –экономикал...

    14 қараша 2024 ж.Тікелей