Іс-шара

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Іс-шара
    Мәдениет күндеріАяқталды

    Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылының орталық саябағында аудан көлемінде «Еңбекпен келген-ырыс!» атты сабан той мерекесі ұйымдастырылды. Жұрт ауа райының қолайсыздығына қарамастан дәстүрлі мерекені соңына дейін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде болды.

    Ауылымыздың әлеуметтік –экономикалық ахуалын жақсарту жолындағы қол жеткен табыстарымызда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Нарықтық қоғамның қиындығына қарамай, ата-кәсібіміз- ауыл шаруашылығын қайта өрлете отырып, ауыл экономикасының дамуына өз үлестерін қосып жатқан жандар аз емес.

    «Сабан той» -ұлттық салт дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың, еңбексүйгіш елдің еңбек мерекесі. 1996-1998 жылдары әр отбасына өз үлесіне тиесілі егістік жерлер беріліп, жаңадан шаруа қожалықтары құрылған еді. Осы уақыттан бастап жылдан жылға округ диқандары түрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып, мол өнім алуда. Ауыл экономикасының жоғарылауының дәлелі бүгінгі Шарын ауыл халқының тұрмыс- тіршілігі жоғарғы деңгейде екендігін көрсетті. Іс- шара ерінбей еңбек етіп жатқан шаруа қожалықтың жұмыскерлері марапат қағаздары мен және сый-сыйапатпен марапатталып, арты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Артынан еңбек ардагерлеріне арналған дастархан жайылып құрмет көрсетілді.

    «Келер күз табысты болсын. Ел аман, жұрт тыныш болып, татулық пен достық, елдегі саяси тұрақтылық ұзағынан болсын» деген ниетімізді білдіреміз.

    Ауыл шаруашылығы

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтау

    Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Сіздер халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, елдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында а...

    22 маусым 2026 ж.Тікелей
    Мерекелік концертАяқталды

    Аттестат тапсыру

    Шарын ауылдық округіндегі Қонаев атындағы орта мектебінде 9 сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға мектеп ұжымы, ұстаздар, ата-аналар, ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар қатысты. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры түлектерді маңызды белеспен құттықтап, оларға жарқын бо...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    Шарын ауылыдқ округінің Д.Қонаев орта мектебі
    Мерекелік концертАяқталды

    Конституция күні қос қуаныш

    Конституция күні қос қуаныш! Бүгі Шарын ауылында қос мереке. Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы - күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді. Осы игілікті іс Қазақстан Ркспубликасының Конституциясы күнімен қатар ұйымдастырылып, мерекенің мамұны мен маңызы арта түсті. Жаңарған мәдениет ошағы - ел игі...

    3 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Дом культуры Шарынского сельского округа
    КездесуАяқталды

    жиналыс

    2024 жылдың 12 желтоқсан күні Шарын ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залында мекеме басшылары және қоғамдық ұйым мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста талқыланған басты мәселе мекемелердің апта ішіндегі атқарған жұмыстары ауыл тұрғындарының баспасөзге жазылуы туралы айтылды.

    12 желтоқсан 2024 ж.Тікелей
    Шарын ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залы