«Еңбек Жолы» конкурсына қатысыңыз!

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2026 жылы өткізу туралы хабарлайды.

    «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндірістің қарапайым жұмысшыларын айқындауға мүмкіндік береді.

    Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

    Конкурсқа құжаттар 2026жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

    Конкурсты өткізу мақсаттары:

    1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

    2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

    3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

    4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;

    5) еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

    Конкурс 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.

    Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

    Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар келесіноминациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

    1)«Үздік еңбек әулеті»:

    Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

    Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

    Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;

    2)«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»:

    Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

    3)«Өндірістің үздік жас маманы»:

    Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс қарапайым жұмыскері таңдалады;

    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

    Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:

    1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

    2) жеке куәліктің көшірмесін;

    3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

    4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

    5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

    6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

    Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

    Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

    Конкурсты өткізу мерзімдері: 1 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау;

    1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек Жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиясымен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау;

    қыркүйекте өңірлік еңбек форумында жеңімпаздарды марапаттау;

    10 тамызға дейін «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну;

    1-15 қыркүйек аралығында республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;

    қазан айында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын республикалық форумында марапаттау.

    Нақты ақпарат пен кеңестікелесі мекен-жайлардан алуға болады:

    Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.

    Ескертпе: Конкурсқа өтінімдерді тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тапсыра аласыз.

    Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi

    сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз!

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

    Бүгін №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтіп, облыс тұрғындары нотариус, жеке сот орындаушысы және Әділет департаментінің мамандарынан бір жерде құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы облы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді. Кездесу тәжірибе алмасу форматы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тамыз айынан бастап Қызылордадағы ХҚКО-ның кезекші мекенжайлары өзгереді

    1 тамыздан бастап Қызылордадағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) мекенжайлары өзгереді. Енді қала тұрғындары Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е жаңа мекенжайы бойынша қабылданады. Осы кезге дейін кезекші ХҚКО Астана даңғылы, 46 мекенжайында орналасқан болатын. Жаңа мекенжайға ауыстыру азаматтарға қызмет көрсетуді...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлек...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 47 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргіз...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсәп бөлімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 12 б/нқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған бай...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №17 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, Арал ауданының экономика және қаржы бө...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 88 б/жқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талда...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей