Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.

    Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.

    Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.

    Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.

    Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 15:30 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:1. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті әкіміне кандидат Алдашев Жадырасын Темірханұлын тіркеу туралы;2. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті әкіміне кандидат Есеев Ақтілек Алтынбекұ...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 10:30 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті әкіміне кандидаттарды қолдап жиналған сайлаушылардың қолдарының анықтығын тексеру туралы;Өтетін орны: Арал ауданы, Арал қаласы, Әбілқайыр хан көшесі № 34Б...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 18:00 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті әкіміне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы; Өтетін орны: Арал ауданы, Арал қаласы, Әбілқайыр хан көшесі № 34 Бұқаралық ақпарат құралд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 9 қыркүйек күні сағат 11:30 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі: 2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Сексеуіл кенті әкімінің сайлауы бойынша кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы Өтетін орны: Арал ауда...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Арал ауданы Сексеуіл кенті әкімінің сайлауы бойынша кандидат С.К. Турешовтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 7 қыркүйектегі №02-10/1516 санды хаты негізінде аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қыркүй...

    8 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуна...

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 26 тамыз күні сағат 11:00 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі: «Қазақстан Республикасындаға сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-1 бабының 1- тармағына сәйкес, Арал ауданының Сексеуіл кенті әкімінің сайлау күнін тағайындау туралы; Мерзімі аяқталған Сексеуіл...

    26 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Онлайн - сауда

    Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен қатар пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Ал осымен қоса пайдаланушылардың ғаламтор арқылы ала алатын қызметтері де дамып келеді. Ал ғаламтордағы қызмет түрлерінің ең танымалы бұл интернет – дүкендер арқылы сатылымдар, онда барлығы да бар: аяқ киім, азық –...

    24 тамыз 2026 ж.Тікелей