Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытуға арналған форум өтеді

    Орны
    Rixos Burabay
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытуға арналған форум өтеді
    ФорумАяқталды

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімділікті арттыруға, қайта өңдеуді дамытуға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Құжат етті мал шаруашылығын жүйелі дамытуға, нарық қатысушылары арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге және бәсекеге қабілетті өнімді сыртқы нарықтарға шығару үшін қолайлы жағдай жасауға арналған.

    Оған қажетті алғышарттар жеткілікті. Біздің еліміз ірі қара малдың көптігі мен негізгі өткізу нарықтарына жедел логистиканы қамтамасыз ететін тиімді географиялық орналасуының арқасында ет өндірісін дамытуда елеулі әлеуетке ие. Оны барынша тиімді пайдалану қайта өңдеуді жетілдіруді, өндіріс тиімділігін арттыруды, заманауи стандарттарды енгізуді және сала қатысушылары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды талап етеді. Бұл мәселеге уәкілетті мемлекеттік органдар баса назар аударып келеді.
    Осы орайда биыл 14–15 ақпанда өтетін Dala.Camp Forum 2026 аясында осы тақырып жан-жақты талқыланады.

    Форум «Қазақстанның ет индустриясындағы ірі қара: Болашақтың жол картасы» тақырыбымен өтеді. Оған мемлекеттік органдардың, агробизнес құрылымдарының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшылар қатысады.

    Форумға Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Америка Құрама Штаттарынан, Бразилиядан, Еуропа мемлекеттерінен, Біріккен Араб Әмірліктерінен және Түркиядан 150 делегаттың қатысуы жоспарланған. Олардың қатарында Жануарлар денсаулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Қазақстан мал өсірушілер одағы, тұқымдық бағыттағы салалық палаталар, Qazaqstan Investment Corporation, iGPS және агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі компаниялар бар.

    Форумның алғашқы күні Қазақстанның жаһандық ет нарығындағы орны, экспорттық басымдықтар, мемлекеттік қолдау тетіктері, халықаралық ветеринариялық талаптар және инвестициялық мүмкіндіктер қарастырылады. Келесі күні шаруашылықтардың тиімділігін арттыру, қаржылық модельдеу, цифрландыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басқарушылық құзыреттерін дамыту мәселелері талқыланады.

    Форум бағдарламасы аясында мал шаруашылығы мен оған жақын салалардағы инвестициялық жобалардың таныстырылым сессиясы болады деп күтілуде.

    Мал шаруашылығы

    Ұқсас материалдар

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Балық шаруашылығындағы жетістіктер және одан әрі дамытудың басым бағыттары

    ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы Уақыты: 09.07.2026 – 11.30Тақырыбы: «Балық шаруашылығындағы жетістіктер және одан әрі дамытудың басым бағыттары» Спикер: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы. Көрсетілім...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей
    РГУ «Служба центральных коммуникаций» при Президенте РКҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    КонференцияАяқталды

    «FOC 2026» халықаралық конференциясында май өнімдері нарығы мен агроөнеркәсіп кешенінің негізгі басымдықтарына назар аударылады

    Астанада 5 маусым күні «FOC 2026: Fats and Oils Conference» атты бесінші мерейтойлық халықаралық май өнімдері конференциясы өтеді. Іс-шараға қатысатын 330-дан астам делегат нарықтағы негізгі үрдістерді, жүйелі сын-қатерлерді, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені мен халықаралық сауда дамуындағы басымлықтарды ортаға салады. Ұ...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу туралы

    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ Баспасөз конференциясы Уақыты: 05.03.2026 – 11:30Тақырыбы: «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу туралы» Спикер: ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тасжүреков Ербол Қуанышұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.faceb...

    5 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта бөлу жұмыстары туралы

    ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы Уақыты: 30.01.2026 – 14.30 Тақырыбы: «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта бөлу жұмыстары туралы» Спикерлер: ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Теміржанов Мұрат Баритұлы; ҚР АШМ Жер ресурстарын бас...

    30 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі