
ORAL:Шахмат турнирі
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергей департаменті ҰББ-ның аға тергеушісі Л.Оразғалиева «Senat Open-2026» республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңінде 1/4 финалға дейін жетті. Департамент өкілі өзінің стратегиялық ойлау қабілеті мен төзімділігін көрсетіп, турнирдің ең мықты ойыншыларының қатарынан орын алды. Офицердің мұндай деңгейдегі зияткерлік додадағы табысы күрделі жағдайларды талдау және салмақты шешім қабылдау қабілеті экономикалық тергеу қызметі мамандарына тән ажырамас қасиет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Орал қаласында өткен ауқымды жарысқа рекордтық деңгейде 214 қатысушы жиналды. Олардың арасында депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер және құқық қорғау органдарының өкілдері болды. Осындай жоғары бәсекелестік жағдайында Л.Оразғалиева лайықты ойын көрсетіп, біріншіліктің ең үздік қатысушыларының сапына енді. Бұл нәтиже ЭТД жеке құрамының зияткерлік әлеуетін айқын көрсетіп, қаржылық мониторинг органдарының кәсіби және тұлғалық құзыреттілік жоғары бағаланатын государственный орган ретіндегі имиджін нығайтуға үлкен үлес қосты.