ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ
    Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі
    округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 және 15-1-баптарына сәйкес, «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі төмендегі округтік сайлау комиссияларында қалыптасқан бос орындарға ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.

    № 3 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

    № 7 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

    №10 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

    №11 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

    №14 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

    №18 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 2;

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес, округтік сайлау комиссияларындағы бос орындарға саяси партиялардан, өзге де қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен және жоғары тұрған сайлау комиссиялардан ұсыныстар қабылданады. Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2026 жылғы 19 мамырға дейін Қызылорда қалалық мәслихатына келесі құжаттарды тапсырады:

    1) округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

    2) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    3) кандидаттың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

    Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Округтік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 19 мамырға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.

    Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

    Қалалық мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда қаласы Ы.Жахаев көшесі, 16.

    Жауапты тұлға – ​​ Мұхтаров Мұрат Абдуллаұлы, қызм.бөлме № 3, қалааралық телефон коды (87242), қызметтік 27-42-07, 27-46-03, ұялы телефоны: 87028348007, электрондық пошта мекенжайы: [email protected].

    Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты

    Бос орындар қалыптасқан қалалық округтік сайлау комиссиялары

    № р/с

    Округтік сайлаукомиссияның

    нөмірі

    Сайлау комиссиясы объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы,орналасқан жерінің

    мекен жайы

    Бос орын

    1

    2

    3

    4

    1

    3

    Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Т. Камалов көшесi № 35а

    1

    2

    7

    Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Байұзақ Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қорқыт Ата" шағын ауданы, Ш. Қалдаяқов көшесі, құрылыс № 10а

    1

    3

    10

    Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Ақмешiт" шағын ауданы, құрылыс № 35

    1

    4

    11

    "Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Әбілқайыр хан көшесі, № 36а

    1

    5

    14

    Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ә. Қоңыратбаев көшесi, № 22

    1

    6

    18

    Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Н.Назарбаев даңғылы, ғимарат № 60

    2

    Нысан

    _____________________________________________________

    (мәслихаттың толық атауы)

    төрағасына

    _________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    __________________________________________________________

    (облыс, Қызылорда қ,.

    ____________________________________________________ тұратын

    елді мекен, көше, үй, пәтер)

    ______________________________________________________

    (ұялы телефондардың нөмірлері)

    Өтініш

    Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    _____________________________________________________________________________________

    (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

    ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №______ округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.

    Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________

    ( иә, ___ жыл/ жоқ)

    Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

    Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

    Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

    Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

    2026 жылғы «____»____________ _________________________

    (өтініш берушінің қолы)

    Өмірбаяндық деректер:

    Туған күні _____ жылғы «____» _______________

    Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

    Ұлты * _______________________________

    Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

    Білімі _____________________________________________________________________________

    Мамандығы _________________________________________________________________________

    Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

    Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

    Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

    (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

    Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

    Ескертпе:

    * Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

    ** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Өтінішке қосымша

    Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    р/б

    Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

    (болған кезде)

    ескертпе

    1.

    әкесі

    2.

    анасы

    3.

    ұлы

    4.

    қызы

    5.

    ағасы

    6.

    әпкесі

    7.

    атасы

    8.

    әжесі

    9.

    немересі

    10.

    жұбайы (зайыбы)

    Қызылорда қалалық мәслихаты

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

    Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 56-сессиясы 2026 жылғы 22 шілде, сағат 10:00-де Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі. Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады: «2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласына қарасты кент және ауы...

    17 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

    Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 55-сессиясы 2026 жылғы 15 шілде, сағат 11:00-де Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі. Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселе қаралады: «2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту турал...

    10 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 54-сессиясы 2026 жылғы 26 маусым, сағат 10.00-де Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі. Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады: 1. «Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі о...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда қаласы бойынша округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар мен жаңадан ашылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы

    ХАБАРЛАНДЫРУҚызылорда қаласы бойынша округтік, учаскелік сайлаукомиссияларының құрамындағы бос орындар мен жаңадан ашылған учаскеліксайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық за...

    15 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

    Хабарландыру Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті 53-сессиясы 2026 жылғы 17 маусым, сағат 11.00-де Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі. Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады: 1. Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру бойынша әлеуметті...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАМА Қызылорда қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында қалыптасқан бос орындарға сайлау өткізу туралы

    ХАБАРЛАМА Қызылорда қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында қалыптасқан бос орындарғасайлау өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты Қызылорда қаласы бойынша төмендегі аумақтық және учаскелік...

    29 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАМА Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларынан шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өткізу туралы

    ХАБАРЛАМАҚызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегіокругтік сайлау комиссияларынан шығып қалған мүшелерінің орнынасайлау өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты қалалық мәслихат депутаттары...

    29 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда қаласы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы

    ХАБАРЛАНДЫРУҚызылорда қаласы бойынша учаскелік сайлаукомиссияларының құрамын қалыптастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 және 17-баптарына сәйкес, «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы бойынша т...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей